Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Саясат САЯСАТ



«Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру» (15.10.2019)


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылатын  "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. 
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады. 
Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты: 
1. "Экономика салаларын цифрландыру".
2. "Цифрлық мемлекетке көшу.
3. "Цифрлық Жібек жолын іске асыру".
4. "Адами капиталды дамыту".
5. "Инновациялық экожүйені құру".
Осы бағдарламамен мемлекеттік органдардың қызметтерін цифрландыру бойынша өршіл мақсаттар қойылды. Осы мақсаттарды іске асыру үшін бейінделген заңнама, бизнесті, білім мен ғылымды қолдау шаралары, бизнесті жүргізу рәсімдерін жеңілдету, мемлекетпен өзара әрекеттесу кезінде транзакциялық шығындарды қысқарту түрінде қолдау инфрақұрылымы жасалынатын болады. Сонымен қатар, мемлекет еңбек өнімділігіне уақытты барынша босату мен экономикалық белсенді мінез-құлықты ынталандыру үшін өз азаматтарының қызмет алудағы қажеттіліктерін болжап қояды.
Мемлекет ақпараттандырудың алдыңғы кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тікелей немесе жанама түрде араласатын мемлекеттік органдардың базалық инфрақұрылымы мен ақпараттық жүйелері түрінде Қазақстан Республикасының "Электрондық Үкіметін" құрды.
Электрондық үкіметтің веб-порталында Ашық үкімет алаңы құрылды. "Ашық деректер" порталында деректер жиынтығы орналыстырылуда,  нормативтік құқықтық актілер жобалары мен заң жобаларының тұжырымдамалары талқыланады, бюджеттік құжаттар жарияланады
Мемлекеттік органдардың бейіндік қызметі автоматтандырылуда. Жаңа технологиялардың пайда болуы қазіргі кезде іске асырылған қызметтерге қарағанда жоғары сапалы қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.  
Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің топ-30 кірудің сөзсіз шарттары ЖІӨ дамыған елдердің деңгейіне дейін өсуі ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуда айырмашылықты енсеру болып табылады, атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштерін жақсартуда прогреске қол жеткізу, және тиісінше, халықтың денсаулығының, өмір сүру ұзақтығы мен сапасының жоғарғы деңгейін қолдау.
Қазіргі әлем қалалық инфрақұрылымға жоғары талаптар қоюда, "Ақылды" қалалар құрылуда.
"Тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесі" жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде бейнебақылау жүйелерін дамыту, бұзушылықтарды фото-бейне тіркеуді енгізу, деректерді өңдеу орталығын, жедел басқару орталығын және зияткерлік байланыс орталығын құру сегменттері жұмыс істеуде. "Smart мектеп" (88 мектептің 19-ы қосылды), "Smart көше жарығы", "Smart емхана" (10 емхананың 2-уі қосылды) бағыттары бойынша бастамалар іске асырылуда. Алматы қаласында бұзушылықты фото-бейне тіркеу жүйесі енгізілді, "Оңай" қоғамдық көлікте электрондық билет беру жүйесі іске қосылды.
Айқын және бірыңғай ақпараттық кеңістікте жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді одан әрі жетілдіру қажеттілігі бар.

Алматы қаласы Әділет департаменті 
зияткерлік меншік құқықтар бөлімінің бас маманы 
Ж.Е. Шаймерденова