Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Саясат САЯСАТ



Даулы сұрақтарды шешудегі заңнаманың тиімділігі


Қазақстанның  бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі – бұл Үкіметтің ең маңызды мақсаттарының бірі, осыған орай әділет органдарының барлық жұмысы алға қойған міндеттерді шешуге бағытталған.
2015 жылдың 30 қыркүйегінде жүргізілген Бүкіләлемдік экономикалық форум көрсеткіштерінің нәтижесі бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 8 тармаққа көтерілген. Қазақстанның орташа көрсеткіші 4,49(2014 год 4,42), бұл Польша (4,49) мен Италиядан кейінгі  (4,46)  орынды қамтамасыз етті. Тарихқа көз салсақ, Қазақстанның  бәсекеге қабілеттілігі жоғары. Қазақстан ТМД елдері арасында алдыңғы қатардағы орынды және Әзірбайжаннан кейінгі екінші (40 орын) орынға ие.
Әділет Министрлігі 4 индикатордың орындаушысы болып табылады, оның бірі - даулы сұрақтарды шешудегі заңнаманың тиімділігі.
Заңнаманың тиімділігінен және оны қолданудан құқықтық мемлекетке қажет құбылыс болып табылатын заңдылық, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана сияқты мемлекетттегі барлық құқықтәртіптілік тәуелді болып табылады. Заңнаманың тиімділігін көтеру үшін ЖБИ ДЭФ –гі беделдегі қөзқарасты жақсарту мақсатында жоғары көрсеткіштерді ғана емес, сонымен қатар, адам құқығын одан да тиімді қамтамасыз ету үшін кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Даулы сұрақтарлы реттеу мақсатында «Медиация туралы» заң әрекет етеді, оған сәйкес азаматтар дауды сотқа дейін келісім арқылы шеше алады, бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.
Медиация рәсімі келесіге қолданылмайды:
-мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды.
-тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.
-сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексі бойынша ортақ кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар некесін сот тәртібі арқылы бұза алады. Мұндай жағдайда медиатормен ерлі-зайыптылар  баланының тұрғылықты жерін, сонымен қатар ортақ тапқан мүліктерін бөлу сұрақтарын шеше алады.
Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.
Медиацияның мақсаттары мыналар болып табылады:
1)дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу;
2)тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
Медиация тараптары дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға міндетті.
Сонымен қатар даулы жағдайлар мен тараптар арасында туындаған сұрақтарды реттеу мақсатында 2016 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» заңы қабылданды.
Бұл Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, дау субъектілерінің мемлекет ішінде немесе оның шегінен тысқары жердегі тұрғылықты жеріне немесе орналасқан жеріне қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен болатын азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған, төрелік шешетін дауларға қатысты қолданылады.
Төрелiк дауды тараптар дауды қарауда қолдану ретінде таңдаған құқық нормаларына сәйкес шешедi. Қандай да бiр мемлекеттiң құқығына немесе құқық жүйесiне кез келген сiлтеме жасау оның коллизиялық нормаларына емес, осы мемлекеттiң материалдық құқығына тiкелей сiлтеме ретiнде түсiндiрiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары арасындағы дауды қараған кезде, сондай-ақ оның тараптарының біреуі мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар болып табылса, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, онда Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
Төрелік шешiм оған төреші (төрешілер) қол қойған күнi күшiне енедi.
Төрелiк шешiм мiндеттi деп танылады егер төрелік шешімде мерзім белгіленбесе, онда ол дереу орындалуға жатады.
Егер төрелік шешім ондағы белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаса, онда ол мәжбүрлеп орындатуға жатады. Осыған орай, жалпы қабылданған заңнамалық бастамалар азаматтар мен заңды тұлғаларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

А.Алтыбаева

Алмалы ауданы Әділет басқармасы