Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Саясат САЯСАТ



Қазақстан Дүние жүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексіндегі әділет органдарының рөлі


Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2015 жылдың 30 қыркүйегінде  2015-2016 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жылдық есепті жариялады. 2015 жылдың рейтинг қорытындылары бойынша Қазақстан өз рейтингін 8 пунктіге көтеріп 4,49 орта балымен 42 орынға ие болды.
Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексіндегі(ЖБҚИ)2015-2016 бағаланатын мемлекеттер саны 140-ты құрады (былтырғы жылдың рейтингісінде 144 мемлекет). 2015 жылы мәліметтердің жоқ болғандығынан Ангола, Барбадос, Буркина-Фасо, Ливия, Пуэрто-Рико, Суринам, Восточный Тимор және Йемен рейтингке кірмеді. Алайда, алдыңғы жылы кірмеген Бенин, Босния және Герцеговина, Эквадор және Либерия сияқты мемлекеттер биылғы жылда қалпына келтірілді. 
2015 жылы рейтингті соңғы 7 жылда өзінің тұрақты позициясын ұстап тұрған  Швейцария бастады. Үздік бестікке Сингапур, АҚШ, Алмания және Нидерланды кіріп тұр.
2015 жылдың рейтингінде экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат экспортының үлесін арттыру нәтижесінде Қазақстан ауыспалы 1 (базалық факторлар сатысынан) 2 (тиімді даму сатысына)қайта оралды.Халықаралық сауда орталығының(InternationalTradeCentre) мәліметтеріне сәйкес Қазақстанның минералдық ресурстар экпортының көлемі соңғы 5 жылда (2009-2013 жж.)77,6% құрады. Позицияның болмашы қысқаруына қарамастан, Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы еңбек нарығының тиімділігі - 18 орын (2014 жылы -15 ) болып табылады. Оған қарамастан, макроэкономикалық ортаның - 25 орын (2014 жылы-27) жақсаруы белгіленеді.
Әділет министрлігінің жоспарына сәйкес,ДЭФ ЖБҚИ7 индикаторы бойынша орындаушыболып табылады. Олардың ішінде ҚР ӘМ 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы және 3 индикаторы бойынша бірлескен орындаушы болып табылады. 
Былтырғы жылдың қыркүйегінде жарияланған 2016 жылға Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі есебіне сәйкес Қазақстан Республикасы 42 орынды алды (2014 ж.-50 орын), оның ішінде:
-«Меншік құқығы» индикаторы бойынша -67 орын (2014 ж.-70 орын);
-«Әкімшілік реттеуге қарсы болудағызаңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша-52 орын (2014ж.-60 орын);
-«Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша – 48 орын (2014 ж.- 59 орын).
Осылайша, ағымдағы жылда барлық индикаторлар бойынша позициялардың жақсаруы байқалады.
ҚР ӘМ бойынша негізгі орындаушы болып табылатын индикаторлар:
1.Меншік құқығы;
2.Санаткерлік меншікті қорғау;
3.Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі;
4.Әкімшілік реттеуге қарсы болудағы заңнаманың тиімділігі.
ҚР ӘМ бойынша бірлескен орындаушы болып табылатын индикаторлар:
1.Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындылығы (жауаптыЖСЖАҰД);
2.Саясаткерлерге қоғамдық сенім (жауапты ЖСЖАҰД);
3.«Мемлекеттiк қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» (жауапты ЖСЖАҰД).
Жоғарыда көрсетілген барлық индикаторлар сауалдау негізінде есептелінеді.
Қазақстан дамыған 30 мемлекеттің құрамына кіру және «Санаткерлік меншікті қорғау құқығы» көрсеткіші бойынша Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексіндегі позициясын жақсарту мақсатында құқық иеленушілермен қарым-қатынас күшейтілді.
Азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау деңгейін көрсету ретінде, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуын мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді министрлік қарастырады.Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтің 53 түрін көрсетеді, оның шегінде 2015 жылы 11 миллионнан астап (11 880 296) берілген, оның ішінде 83% (9 648 503) қызметтер электрондық түрде көрсетілді.
Әділет министрі өз сөзінде ағымдағы жылда барлық деңгейлердегі әділет органдарының жұмыстары "Қазақстан -2050" стратегиясында, "Ұлтжоспары – бесинституттық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" және  "Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" жолдауында көзделген ауқымды мақсаттар мен міндеттерді әрі қарай шешуге бағытталатынын айтып өтті.

Алматы қаласы әділет департаментінің Алмалы ауданы басқармасы Алтыбаева Ақмарал