Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Саясат САЯСАТ



Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту (20.11.2017)


Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданды. Осы Заңның 4-ші бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу  және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген.
Мемлекеттік тілдің аясының кеңейту де зор мақсат. Бұған еліміздің тиісті сала басшылары, тілші-ғалымдар мен тіл жанашырлары әрдайым назар аударып, ортақ мәселелерге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп отыруы – келелі іс. Әлбетте, мемлекеттік тілдің жағдайы әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз. Баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, өз үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің тұғырын биіктете түсерімізтініміз  хақ.
Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады.
Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.
«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,-деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Тіл - ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие.
         

Алмалы аудандық  Әділет басқармасының жетекші маманы М.Карсакбаев