Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Саясат САЯСАТ



Мемлекеттік тілді білу – бұл... (20.09.2017)


Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін. 
Ол бар болса, мен бармын оянбаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. 
Ал екінші бақытым – тілім менің, 
Тас жүректі тіліммен тілімдедім, 
Кей кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім – деп М.Мақатаев айтқандай ұлттың ұлы байлығы, басты тұғыры – тіл. Халық пен тіл егіз ұғым. Ата-бабаларымыз бүгіні ұрпаққа аманатқа қалдырған ана тілімізді болашақ ұрпаққа бар сәнімен, бар мәнімен табыс етуіміз керек. 
Қазақ зиялылары ұлттық тілдің, ой мен сөздің құдіретін терең танып, оған аса зор мән берген.  Осы жерде Жүсіп Баласағұнның «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі тіл, бірі – ділің жүректегі» деген нақыл сөзі келеді. Кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де ана тілі. 
Б. Момышұлы ана тілімізді аса бағалап, қадірлеген тұлғаларымыздың бірі. «Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамыздың тарихын ұмыту». Ұлттың рухы халықтың өзіндік санасының бір бөлігі болып табылатын мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылықтар мен мәдениетке, тілге сүйенеді. Осы тіл, дәстүрлі құндылықтар мен қайталанбас төл мәдениетіміз халыққа жүздеген жылдар бойы демеу болып, оны тарих жолында тарап кетуден сақтап қалды. Бұлар бүгінде де бізді өзгелерден айырып, ерекшелейді.  «Ұлттың тілі-сол ұлттың жаны, жандүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер қан тамыры жабылып қалса, жүрегі де соғуын тоқтатпайды ма?» деп көрнекті жазушымыз Мұхтар Әуезов айтып кетсе, Ғабит Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» деп ой түйіндеген. Демек, біз болашаққа қадам басуымыз үшін ана тілімізді дәріптеуіміз керек. Саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз. 
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі егемендік алғаннан кейін бекітілді. Ата заңымыз – Конституцияның 7-ші бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» екендігі нақтыланды. Яғни, тәуелсіз мемлекетке атын берген қазақ халқының алдына ана тіліне қатысты әділ де заңдастырылған талаптарды жүзеге асыру жөніндегі қауырт жұмыстарды орындау міндеті қойылды. Парламент Сенатының депутаттарымен 2008 жылғы кездесуінде Республика Президенті тілге жанашыр тұлғалардың қаржыландыруымен қор құру туралы ұсынды. Осылай 2008 жылы 5 қыркүйекте «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» Корпоративтік Қоры болып әділет органдарында тіркелді. Қордың басты мақсаты – еліміздің ұлттық құндылығы, қазақ мәдениетінің қазығы болып табылатын қазақ тілін дамытуға жан-жақты және барынша ықпал ету. «Қазақстанның ел бірлігі доктринасында» мемлекеттік тілді меңгеру әркімнің парызы мен міндеті делінген.  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «мемлекеттік тіл- қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық қазақстандықтарды біріктіретін күш» демек, қазақ тілінің Президенттің өзі тікелей қадағалап, заң арқылы бекітілген мәртебесін орнықтыру – әрбір қазақстандықтың абзал борышы. «Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ» деп, Елбасымыз айтқандай, рухани құндылықтарымыздың қайнар бұлағы – қазақ тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын өзіміз жете түсінуіміз қажет. 

Алматы қаласы Алмалы аудандық Әділет басқарма
испекторы Ташманова М.Б.