Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Саясат САЯСАТ



Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №06 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»


№ 05                                                                                                            2018 жылғы  05 караша
Алматы қаласы

Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №06
«Алматы қаласы Алмалы ауданы
бойынша сайлау учаскелерін құру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы»


Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi және мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкiмi ШЕШТI:
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 21 сәуiрдегi №06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерiн құру туралы" (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 24 сәуiрде №1034 болып тiркелген, "Алматы ақшамы" газетiнiң 2014 жылғы 01 мамырдағы №52-53 (4927) санында және "Вечерний Алматы" газетiнiң 2014 жылғы 01 мамырдағы №51-52 (12728-12729) шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) аталған шешiмнiң қосымшасындағы №38,39,40,42,44сайлау учаскелерiнiң шекаралары осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес өзгертiлсiн.
2. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкiмiнiң аппараты осы шешiмдi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн, кейiннен ресми мерзiмдi басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде және Алмалы ауданы әкiмi аппаратының интернет-ресурсында жариялануынқамтамасыз етсін.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы К.Қ. Әбiлқақоваға жүктелсiн.
4. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбек бойынша он күн өткенен соң қолданысқа енгiзiледi.


Аудан әкімі                                                                                                                        Б. Торғаев

Келісілді:
Алматы қалалық сайлау 
комиссиясының төрағасы                                                                                                Ж. Асанова
«26» қазан 2018 жыл