Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Саясат САЯСАТ



16-желтоқсанҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні (16.12.2017)


Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының ең басты мемлекеттік мерекесі. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Бұл заң «ұлттар жұлдызнамасында Қазақстан Республикасы атты жаңа жұлдыздың пайда болып, осы күннен Қазақстан өз жолын бастағанын» көрсетті. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары және мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халықты негізге алды. 
Қазақстан Республикасы жас тәуелсіз мемлекет. Дегенмен де, осы аз уақыттың ішінде экономика, саясат, спорт және мәдениет саласында бірнеше ірімасштабтағы шаралар болды. Қазақстан БҰҰ-ның белсенді мүшесі, ал 2017 жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып қабылданды. Осы жылы Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі болды. Мұндай аса маңызды халықаралық деңгейдегі іс-шараны Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ең бірінші болып Қазақстан өткізді. Ал Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 ойындарына 57 мемлекеттен 2000-нан аса спортшылар қатысты. 
Бүгін де, Қазақстан халықаралық аренада лайықты орын алды деп айтуға болады. 


Инспектор М.Б.Ташманова
Алмалы ауданы әділет басқармасы