Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Саясат САЯСАТ



Мемлекеттік тіл-татулық тірегі (21.09.2017)


Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл, тәуелсіздіктің, татулықтың, бірліктің тірегі әрі кепілі. Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының заңнамасы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. 
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Сонымен қатар, бағдарламада қоғамның тіл мәдениетін дамыту, орыс тілінің функциясын сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін сақтауға мемлекеттік қолдау көрсету, ағылшын тілін және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену сияқты көптеген мәселелер қамтылған.
Ұлтымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынұлы: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»  деген болатын. Ендеше өз ұлтының тағдырына бей-жай қарамайтын кез келген адам мемлекеттік  тілдің жағдайына үнемі алаңдайды.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ халқына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті. Мемлекеттік тілді білу мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын басты біліктілік талаптарының бірі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. 
Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тілі.


Алматы қаласы Әділет департаментінің 
нормативтік құқықтық актілерді 
тіркеу бөлімінің бас маманы                                                                        Ж.Е. Шаймерденова