Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Саясат САЯСАТ



Заңжобалау қызметі сапасын арттырудағы қолданылатын шаралар (23.11.2017)


Жыл сайын мемлекеттік құрылымдардың заң қызметінің заң жобалау жұмыстарына талдау жүргізіледі, қателіктер анықталып, ескертпелер енгізіледі. Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдар қабылдаған және/немесе әзірлеген заңнамалық актілерге құқықтық мониторинг өткізу бойынша міндетті осы мемлекеттік органдарға заңнамалық бекіту туралы мәселе пысықталды.
«Әділет органдары туралы» Заңға сәйкес Әдiлет органдарының мiндеттерi жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу болып табылады.
Заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы тәртібімен енгізілетін, ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізу міндетті.

Алмалы аудандық  Әділет басқармасының жетекші маманы 
М.Карсакбаев