Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Саясат САЯСАТ



Мемлекеттік органның әрекеттеріне (әрекетсізідігіне) кәсіпкерлік субъектілерімен дауласу бойынша іс жүргізу


Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оны жүзеге асыру мақсатында бизнесті дамытуға бағытталған экономикалық және құқықтық жағдайды жасауды талап етеді.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Алматы қаласы Әділет департаменті ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту мақсатында бизнесті бастауға және оның қызмет ету барысында туындайтын әкімшілік рәсімдерді жеңілдету үшін тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіліп отырады.
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) ұлттық бәсекеге қабілеттілікті елдің экономикалық дамуының тұрақты әрекеті барысындағы мемлекеттің және оның институттарының қабілеті ретінде қарастырады.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы баяндамасы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік индексі мемлекеттердің өз халқына қолайлы жағдай жасау жолындағы жоғары қызметін бағалайды. Әділет министрлігі ДЭФ ЖБҚИ-дің 7 индикаторы бойынша орындаушы болып табылады. Оның ішінде 4 индикатор бойынша ҚР ӘМ жауапты орындаушы және 3 индикатор бойынша бірлесіп орындаушы. 
Аталған рейтингпен бағаланатын аумақтық бөлімшелердің қызметіне мыналар жатады: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, авторлық құқықтарды мемлекеттік тіркеу және т.б. Қазіргі таңда заңды және жеке тұлғаларға әділет органдарының тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету негізінде аумақтық бөлімшелермен жүзеге асырылады.
Алматы қаласы әділет департаментімен бәсекеге қабілетті алғашқы 30 мемлекеттің қатарына кіру мақсатында үздіксіз іс-шаралар жүргізіп, және басқа да шаралар қолданылуда. 
Жалпы әділет органдарымен іске асырылатын іс-шаралар, заңды және жеке тұлғалармен кездесулер және әділет органдарының қызметі туралы мақалалар, азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтық сауатын жоғарылатып, әділет органдарының қызметі туралы туындайтын сұрақтарына жауап табуына мүмкіндік береді. 
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында жеке кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркеу органымен тікелей байланысты қарым-қатынасқа түседі, атап айтқанда, құрылтайшыны өзгерту, жарғылық қордың мөлшерін азайту, атауын өзгерту, хабарлама және де құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Тіркеу органына жүгінген кәсіпкерлік субъектілері кей жағдайларда заң талаптарын сақтамағаны себепті мемлекеттік органмен бас тарту немесе мерзімін тоқтата тұру туралы бұйрық шығарылады, бұл өз кезегінде тараптардың арасында белгілі бір дау туындатуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында азаматтар және ұйымдар , екінші жағынан мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар арасындағы даулар ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 29 тарауы «Мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу» арқылы реттеледі.
Азамат пен мемлекеттік орган арасындағы дау сотпен қаралады. Осындай даумен жеке кәсіпкер, ұйым және мемлекеттік орган дауласқан кезде іс арнайы ауданарлық экономикалық сотпен қаралады, бұл жағдайда қоғамдық-құқықтық дау тараптардың теңдігіне негізделген қарым-қатынастан туындайтын қарапайым шаруашылық дауға жатқызылады. Яғни, бұл ерекше талап өндірісінің ережесімен жүзеге асырылады деген сөз. Алайда мұндай өндіріс өзіндік ерекшелікке ие. Атап айтқанда, мемлекеттік органның шағымдалған әрекеттің заңдылығын дәлелдеу міндеттілігі істің қаралу мерзімінің қысқартылуы, жоғары тұрған органның пікірін есепке алу және т.б. Шарттық қарым-қатынастың көптеген қатысушылары «бір күндік фирмалармен» шартқа отырғандығы себепті зиян шегіп жатады. Бұл өз кезегінде даудың туындауына әкеліп соғады, осыған байланысты кәсіпкерлік қызмет ету барысында іс-әрекетті толыққанды саралау қажеттілігі ескертіледі. 
Мемлекеттік органмен жүргізілетін әкімшілік құқық бұзушылықтар өндіріс барысында жоғарыда аталған норманың қолданылмайтынын атап өту қажет.
Қорыта келгенде, екі тараптың да қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтағаны жағдайында мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік субъектілері арасында келіспеушіліктердің орын  алмайтынын ескеруіміз қажет. 

И. Байменова
Алматы қаласы Әділет департаментінің 
заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыр 
бөлімінің басшысы