Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Саясат САЯСАТ



Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2017 жылғы жұмысының қорытындысы


Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жұмысын жүзеге асырады.
2017 жылы комиссия 24 отырыс өткізіліп. Қаралған іс құжаттардың  жалпы саны – 16, профилактикалық жұмыс жүргізу мәселесі бойынша - 10, ата-ана құқықығынан айыру мәселері бойынша – 3, арнайы білім беру мекелеріне жолданған балалар – 1 және 4 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен оқыту жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылы түнгі уақытта кәмелет жасқа толмаған балаларын ойын сауық орындарында болуына жол берген 8 ата-ана анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген 565 кәмелет жасқа толмаған балардың ата-аналары әкімшілік айыппұл салынды.  Түнгі уақытта алкоголь өнімін сатқан 8 және темекі өнімдерін сатқан 4 тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2016-2017 оқу жылында аудан мектептері жанындағы жазғы лагерьлерге 1-5 сынып оқушылары арасынан 2 377 бала қамтылды. Әлеуметтік жағынан осал санаттағы 420 бала жергілікті бюджет есебінен қала сыртындағы лагерлерге жіберілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімі және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп «ДОРОГА В ШКОЛУ», «СЕМЬЯ-ПОДРОСТОК-УЛИЦА», «ПОДРОСТОК», «КАНИКУЛЫ», «ПОДРОСТОК-ЗАКОН-БЕЗОПАСНОСТЬ», «ПОДРОСТОК ВНОЧНОМ ГОРОДЕ», «ЗАНЯТОСТЬ» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін аудан аумағында 128 спорттық нысан жұмыс атқарады. Оның ішінде қысқы мезгілде 1 мұз айдыны, 4 стадион, 9 жүзу бассейндері, 6 спорт-комплекс, 2 теннистік корт, 45 спорттық залдар жұмыс жасайды. 2017 жылы Алмалы ауданында 80 астам ішкі аула спорттық алаңдар ашылды. Панфилов алаңында 3 воркаут алаңы, Қарасай батыр көшесінің бойында ашық жаттығуларға арналған құрылғылар және 2 спорттық алаң,  Дүйсенов к-сі бойында 1 спорттық алаң, «Сосновый» саябағында және «Биокомбинатская» саябағында воркаут алаңдары пайдалануға берілді.
Жауаптыхатшы                                                                                                      А. Скендир