Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Саясат САЯСАТ



Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі бойынша әлемдегі рөлі


 «Қазақстан жолы-2050, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясы халық көшбасшысының басым елдің дамуының бағыты болды деп жария етті. Негізгі мемлекеттік бағыттардың бірі болып шаралар қабылдау рәсімін оңайлату, бизнесті құру жолында әкімшілік кедергілерді қысқарту. Әр түрлі рейтингтер ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін объективті сырттай бағалау болып табылады. Олар халықаралық ұйымдармен және рейтингтік агенттіктермен қалыптасады. Танылған әлемдік рейтинг көрсеткішінің бірі болып Жаһандық бәсекеге қабілетті индексінің Дүниежүзілік экономикалық форумы жатады.      
Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру барлық мемлекеттік органдардың міндеті, оның жетістігі тікелей жұмыскерлердің бірлескен жұмысының іс-қимылына байланысты.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі Жаһандық бәсекеге қабілетті индексінің Дүниежүзілік экономикалық форумына сәйкес бағаланады, оның жекеленген индикаторына Министрлік жауапты болып саналады.
Халықаралық талдау орталық сайты: «2016 жылдың 28 қыркүйегінде Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілетті 2016-2017 жылға жыл сайынғы есепті жария етті»,- деп хабарлайды. Зерттеу қорытындысы бойынша, 2016 жылғы бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 138 әлем елдерінің арасында Қазақстан 53-ші(2015-ші жылы 42-ші орын) орын алды, жалпы орта балы 4,41(2015-ші жылы 4,49). Былтырғы жылдың рейтингі бойынша Қазақстанның көршілері Руанда(52-ші орын) және Коста-Рика(54-ші орын) болды.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында Әзірбайжан(37-ші орын)  мен Ресейден(43-ші орын) кейінгі үшінші орындар тұр. ТМД-ның өзге елдері келесі түрде орналасқан: Грузия        59-ыншы, Тәжікстан 77-нші, Армения 79-ыншы, Украина 85-інші, Молдова 100-інші, Қырғыстан Республикасы 111-інші орында.
Бәсекеге қабілеттілігің 12 факторларының ішіндегі 5 фактор Қазақстан ұстанымынығ жақсаруы, қалған жетеуі бойынша нашарлауы байқалады. Ең үлкен прогреске Инновациялық факторы бойынша(59, +13), ең көп томендеу Макроэкономикалық орта факторы бойынша(69, -44) қол жеткізілді. Есепте байқалғандай, былтырғы жылмен салыстырғанда, Қазақстан мемлекеттік бюджет көрсеткішінің нашарлауы бойынша, рейтинг арасындағы позициясын айтарлықтай жоғалтты, ол мұнай экспортынан кірісті жоғалтуына тікелей байланысты.

Алмалы аудандық  Әділет басқармасының 
бас маманы А.Сагатов