Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Саясат САЯСАТ



Жаңа жағдайдағы Қазақстанның дамуы (25.07.2017)


Жаңару мен жаңғыру жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты да дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танылды. Осы ретте әрбір қазақстандық береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуі қажеттігі қарастырылған. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделі. 2017 жылдың 31 –ші қаңтарындағы жолдауында ел экономикасын аттырумен қатар, халықтың әл-ауқатын жасқарту бойынша жаңа міндеттерді жүктей отыра, тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатып, сапаны арттыру қажеттігіне аса мән берілген. Басты талап, ол жеке және шетелдік инвестиция көлемінің экономикадағы үлесін арттыру. Ол үшін инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіліп, оларға тиімді жағдай  жасалуы қажет.
Сонымен қатар, Елбасының Жолдауында бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, елімізде инвестициялық климатты нығайту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керектігі, сонымен қатар отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар жүргізу қажеттігіне мән беріліп отыр.  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы, әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатыстылығы атап өтілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша да міндеттер белгіленген, ол:
-мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысы мейлінше оңтайландырылуға тиіс;
-құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек;
-бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек.
-Эдектрондық Үкімет  порталы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде ең қажатті ақпаратармен электронды түрде қамтамасыз ететін бірінғай жүйе.
Бұл азаматтардың жеке уақытын үнемдейді, қызмет көрсету сапасын арттырады. Сонымен қатар, ыңғайлы және уақыт талаптарына сай.
Елбасы Жолдауы халықтың келешекке деген сенімін бекітіп, еліміздің одан әрі жаңа сипатта дамуына даңғыл жол ашады.


Алмалы ауданы Әділет басқармасы Алтыбаева А.Б.