Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Саясат САЯСАТ



Елтаңбаның күші


Еліміздің, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізінде шаңырақ салынған. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді.  Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.
Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол аштыЕлбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.Адамзат қашаннан бері әртүрлі таңбалар мен белгілерді қолдануға әуес болған. Халқына, тайпасы мен әулетін белгілі бір таңбамен белгілеудің терең тарихы бар әрі жаһан жұртына тән құбылыс. Жер бетіндегі қай мемлекеттің болмасын елтаңбасына сол халықтың дүниетанымы, тарихы тікелей ықпал етеді. Өйткені елтаңбаларда белгілі халықтың дүниетанымы, мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы, тарихы мен рухы сіңіп тұрады.Елтаңбалардың арғы тегі – байрақтарға, киімдерге, жүзіктер мен жеке әулеттік заттарға бейнеленіп, көмкерілген алуан түрлі белгілік нышандар. Ұрандар мен төл белгілер тулар мен елтаңбалардан көрінген. Батырлар, билер мен қолбасшылардың өздеріне тән белгілері болған.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының мағыналық және көркемдік-эстетикалық болмыс-бітімі, сол сияқты, оны жасаудағы жоғары кәсіби шеберлік білгір мамандар тарапынан жақсы баға алып жүр.
Жұлдызды түнде жалғыз шаңырақты қорғап тұрған қос тұлпардың бейнесі, сол елдің таңбасы болып қала береді. Әлі күне дейін бұл таңба Қазақстан Республикасының Елтаңбасы болып есептеледі. Елтаңба – елге деген сағыныштан туған дүние.

Алмалы ауданы Әділет басқармасы А.Алтыбаева
25.08.16