Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Саясат САЯСАТ



ДЭФ БЖИ-да рейтинг көрсеткіштерін жақсарту бойынша әділет органдарының қызметі (25.10.2016)


Дүниежүзілік экономикалық форумда бәсекеге қабілеттілік жаһандығы туралы 2015-2016 жылсайынғы есеп жарияланды. Рейтинг қорытындылары бойынша 2015 жылыҚазақстан 140 елден 42-орынды алды.
2015 жылы рейтингті Швейцария басқарды. Үздік бестікке Сингапур, АҚШ, Германия және Нидерланды кіріп тұр. 
ҚР Әділет министрлігінің жоспарына сәйкес 4 индикатор бойынша орындаушы болып табылады:
1. Меншік құқықтары;
2. Интеллектуалдық меншікті қорғау;
3. Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі;
4. Әкімшілік реттеуді дауласуда заңнаманың тиімділігі.
«Меншік құқықтары» индикаторы бойынша – 67-орын (2014 ж. – 70-орын);
«Әкімшілік реттеуді дауласуда заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша – 52-орын (2014 ж. – 60-орын);
«Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша – 48-орын (2014 ж. – 59-орын);
Осыдан барып, ағымдағы жылдабарлық индикаторлар бойынша позициялардың жақсаруы байқалады.
ҚР ӘМ қосылып орындаушы болып табылатын индикаторлар:
1. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындылығы (жауапты ДСПОАР);
2. Саясаткерлерге қоғамдық сенім (жауапты ДСПОАР);
3. Мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріндегі фаворитизм (жауапты ДСПОАР).
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді Министрлік азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын қадағалау деңгейінің көрсеткіші ретінде қарастырады.Қазіргі кездеӘділет министрлігі мемлекеттік қызметтердің 53 түрін көрсетеді,оның шеңберінде, 2015 жылы 11 млн. астамы (11 880 296) көрсетілді, оның ішінде 83% (9 648 503) қызмет электрондық түрде көрсетілді.2020 жылға электрондық форматта 100%-ға қызмет көрсету жоспарланған.
Бұл бағыттаАлматы қаласы Алмалы аудандық Әділет басқармасы үлкен жұмыс жүргізуде, әсіресе – шағын және орта бизнестің кәсіпкерлерімен, жеке нотариустармен, жеке сот орындаушыларымен, сот және құқық қорғау жүйелерінің өкілдерімен жиі кездесулер өтеді.Сондай-ақ тоқсан сайын Нұр Отан партиясымен "Әділет кеңес береді" бірлескен акцияларөткізіледі, оның барысында меншік құқықтарын тіркеу, кәсіпорынды жеңілдетілген түрінде ашу, құықтарды тиімді қорғау сұрақтары бойынша халыққа құқықтық көмек көрсетіледі.


Алматы қаласы Әділет департаментінің 
Алмалы аудандық 
Әділет басқармасының басшысы                                                                         Қ. Құсайынов