Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Саясат САЯСАТ



Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің оңтайлы жолдары


2012 жылғы 24 желтоқсандағы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңмен әкімшілік және басқа кедергілерді азайту, тіркеу процедурасын бюрократтық кідірістерден құтқару бойынша кешенді шаралар белгіленді.
Қазір қай салада жүрген адамның болса да артық уақыты жоқ, көбіне қолы тимейді.
 Порталда мемлекеттік құзырлы органдардың жетпістен астам қызмет түрлері ұсынылған. Уақытыңызды үнемдегіңіз келсе, үйде немесе кеңседе компьютер алдында отырып-ақ, тиісті мекемелерден қажет құжатыңызды ала аласыз. Портал азаматтардың уақытын үнемдеу әрі делдалдарды болдырмау үшін, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.
Жоғарыда аталған заң бойынша шағын бизнес субъектілері электрондық үкімет арқылы бір күннің ішінде тіркеліп, анықтама алады.
Аталған қызмет автоматтандырылған. «Электрондық үкімет» заңды тұлғаларды тіркеуде  оптималды жағдай жасауда. Бұл  өз ісін жаңадан бастағалы тұрған кәсіпкерлерге оперативті түрде өз кәсібін   тіркеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бүгінгі күнде өз еркімен таратылу жағыдайында заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеуді «Электрондық үкімет» порталы арқылы өткізуге болады. Ол үшін өтініш беруші «Электрондық үкімет» порталына(е-egov) керек мәліметтерін толтырып өтінім береді. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі және заңды тұлғаның қызметін тоқтатуынмемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу өтініш берген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 
Порталда заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу үшін осы стандарттың «Заңды тұлғаларды мемлекетті тіркеу және филиалдар мен өкілдерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-шы бабында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып және «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, электрондық құжат нысанында толтыру арқылы заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің қызметін тоқтату туралы өтініш береді.
Бұл мемлекеттік  қызметтің түрі заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу , филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу өтініш берген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
2015 жылдан бастап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне  мекен жайларының өзгеруін «Электрондық үкімет» порталы арқылы мүмкіндіктер жасалынды. Өтінішке Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар: жалдау, сатып алу-сату шарттары, азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат және жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның тұратын жері ретінде бергені туралы нотариалдық куәландырған келісімі көшірмелерін қоса береді.
Тіркеу процедурасын қысқарту, тіркеу мерзімін қомақты қысқарту, заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін қажетті құжаттардың ең аз тізімі елімізде шағын және орта бизнес субъектілері тіркелуінің өсуіне алып келді.

Алмалы ауданы Әділет басқармасының жетекші маманы М.Карсакбаев