Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Саясат САЯСАТ



Зияткерлік меншік құқығын қорғау


Әрбір қоғамның өмірінде материалдық құндылықтардан басқа рухани құндылықтар да маңызды рөл атқарады. Адам туылғанда табиғат оған ойлау, шығармашылық, ғылыми және мәдени туындылар жасау қабылетін сыйға береді. Осы шығармашылық туындылар әрбір халықтың, мемлекет пен адамзаттың рухани және зияткерлік қорын құрайды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып, халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен  міндеттерді қабылдап отыр. Соған сәйкес ұлттық заңнамаларда Қазақстанда зияткерлік қарақшылыққа жол бермейтін заңдар қабылданды.
Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқығын қорғау төмендегі заңнамалармен: ҚР «Азаматтық кодексі», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «ҚР Патенттік Заңымен», «ҚР Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу жері атаулары туралы» Заңымен, «Топологиялық микросхемаларды құқықтық қорғау туралы» Заңдарымен қорғалады.
Мемлекеттік органдар қазіргі күнде зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету шараларын қабылдауда. Оларды қабылдау Қазақстан Республикасының әлемдік аренада зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ететін мемлекет ретінде танылуға жағдай жасайды.   
Азаматтардың зияткерлік меншік құқығын қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі тек қана өзінің шығармашылық қызметінде обьектілерімен ие болып жатқан азаматтарды алаңдатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың және өнертапқыштардың құқықтарын қорғауына бағытталған мемлекеттік органдардың да зияткерлік меншікті шеттетпеді, өйткені осы бағытқа арналған мемлекеттік органдардың жұмысы жалпы Республиканың халықаралық шарттарына қосылуына және халықаралық ұйымдарға, ассоциацияларға және зияткерлік меншікті қорғау одақтарына кіруіне қажет.
Әрбір автор өз құқығы бұзылған жағдайда сотқа немесе Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік департаментіне, аумақтық органдарына немесе арнайы құрылған мүліктік құқықты реттейтін және қорғайтын қоғамдық ұйымдарға арыздануына болады.
Мақаламды атақты американ композиторы, актеры, продюсері Б. Шерманның: «Белгілі бір мемлекетте шығармашылық тұлға қандай құрметке ие болатынын білудің ең оңай тәсілі- осы мемлекеттің авторлық құқық туралы заңнамасымен  танысу» деген сөзімен аяқтағым кеп отыр.

Алматы қ. Әділет департаментінің
жетекші маманы А. Кайырлыков