Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Саясат САЯСАТ



Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік тіл


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік тіл ұлттық саясаттың тірегі болуы қажет!» деп атап көрсеткен, сол себепті Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап еліміздегі мемлекеттік тілдің дамуына ерекше көңіл бөлініп келе жатыр.
Кез келген мемлекеттің мемлекеттік тілі мемлекеттің негізі және символы болып табылады. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық территориясындағы барлық қоғамдық қатынастардағы мемлекеттік басқару, заң шығару,  сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі болып табылады. Қазақстан Республикасының кез келген ұлтқа жататын әрбір азаматының міндеті Қазақстан ұлттарының ынтымақтастығының маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеруі болып табылады.
Қазіргі таңда қазақ тілін меңгерудің қажеттілігі ешқандай себеп пен дәлелдеулерді талап етпейтін жағдай болып табылады. Тілдер туралы заңнамамен барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілді дамыту қажеттілігі бекітілген. Парламент, Үкімет, сот және құқық қорғау органдары, жергілікті атқару органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметтерін мемлекеттік тілде жүзеге асыруға, азаматтар мен қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, кадрлік, материалды-техникалық жағдайлар жасауға және халықаралық ынтымақтастықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің халықаралық беделін арттыруға жағдай жасауы қажет.  
Бүгінде қазақ тілі ерекше мемлекеттік статусқа ие және барлық мемлекеттік органдарда қолданылады: барлық ресми құжаттар жазылады (заң мәтіндері, бұйрықтар, өтініштер мен анкеталар, түсініктемелер мен есептер). Қазақ тілінде елбасының халыққа жыл сайынғы жолдауы жарияланады және пкарламенттік талқылаулар жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілгендерді қорытындылай келе, мемлекеттің Қазақстандағы қазақ тілінің дамуы мен зерттелуіне барынша жағдай жасап отырғандығын ерекше атап көрсету қажет.

Кесебаева  Айжан
Алматы қаласы Әділет департаментінің бас маманы