Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Саясат САЯСАТ



Мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығын әкімшілік реттеуде жеке кәсіпкерлердің дау айту тәртібі (29.08.2017)


Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы ел халқының назарына ұсынылған болатын. Бағдарламаға сәйкес, ел Президенті мен үкіметінің басты назары экономиканы дамыту мен қолдауға бөлінгендігін көруге болады. Экономиканы дамыту мен қолдау елімізде кәсіпкерлерге қолайлы жағдай туғызу дегенді білдіреді. Кәсіпкерлікті дамыту әрі қолдау арқылы ел экономикасын тұрақтандырып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың маңыздылығы зор. Сол себепті, кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оны жүзеге асыру мақсатында бизнесті дамытуға бағытталған экономикалық және құқықтық жағдайды жасауды талап етеді.
Бағдарламадағы экономиканы дамыту бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде Алматы қаласы Әділет департаменті ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсартуға байланысты кәсіпкерлікті бастауда және оның қызмет ету барысында туындайтын әкімшілік рәсімдерді жеңілдету үшін тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіліп отырады. 
Кәсіпкерлікпен айналысу барысында мемлекеттік органдармен арада орын алатын даулар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 29 тарауы «Мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу» арқылы реттеледі. 
Азамат пен мемлекеттік орган арасындағы дау сотпен қаралады. Осындай даумен жеке кәсіпкер, ұйым және мемлекеттік орган дауласқан кезде іс арнайы ауданарлық экономикалық сотпен қаралады, бұл жағдайда қоғамдық-құқықтық дау тараптардың теңдігіне негізделген қарым-қатынастан туындайтын қарапайым шаруашылық дауға жатқызылады. Яғни, бұл ерекше талап өндірісінің ережесімен жүзеге асырылады деген сөз. Алайда мұндай өндіріс өзіндік ерекшелікке ие. Атап айтқанда, мемлекеттік органның шағымдалған әрекеттің заңдылығын дәлелдеу міндеттілігі істің қаралу мерзімінің қысқартылуы, жоғары тұрған органның пікірін есепке алу және т.б. Шарттық қарым-қатынастың көптеген қатысушылары «бір күндік фирмалармен» шартқа отырғандығы себепті зиян шегіп жатады. Бұл өз кезегінде даудың туындауына әкеліп соғады, осыған байланысты кәсіпкерлік қызмет ету барысында іс-әрекетті толыққанды саралау қажеттілігі ескертіледі. 
Мемлекеттік органмен жүргізілетін әкімшілік құқық бұзушылықтар өндіріс барысында жоғарыда аталған норманың қолданылмайтынын атап өту қажет. 
Қорыта келгенде, екі тараптың да қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтағаны жағдайында мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік субъектілері арасында келіспеушіліктердің орын алмайтынын ескеруіміз қажет.


А. Суханова
Алматы қ. Әділет департаментінің 
заңды тұлғаларды тіркеу бөлімжетекші маманының м.а.