Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Саясат САЯСАТ



ҚР-ның 2010-2020 жж. арналған құқықтық саясат тұжырымдамаларының ережелерін түсіндіру


Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын» және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Жарлығын атап өтуге болады.
Қазіргі таңда еліміздің құқықтық даму саясаты саласында, оның ішінде ұлттық заңнаманы жетілдіру ба¬ғытында жаңа мақсат-міндеттерді көздеп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының маңызы өте жоғары. Құқық қорғау мен сот жүйесін дамыту, сондай-ақ бүгінгі әлемдік тәжірибені ескере отырып, құқықтық-демокра¬тия¬лық қоғам құру осы тұжырым¬даманың басты мақсаты болып табылады.
Сонымен, 2009 жылдың тамыз айында қабылданған 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасымен еліміздегі құқықтық саланың жаңа дәуірі басталды. Оның қабылдануымен ұлттық заңнама жүйесі жетіле түсті. Осыған орай елімізде заңнамалық актілер қабылданды. Атап айтсақ, Орман, Жер, Кеден ісі, Су, Еңбек, Бюджет, Салық кодекстері қабылданды.