Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Саясат САЯСАТ



Даулы сұрақтарды шешудегі заңнаманың тиімділігі (23.10.2017)


Қазақстанның  дамыған 30 елдің қатарына кіру қабілеті – Үкіметтің ең маңызды мақсаттарының бірі. ДЭФ ЖБҚ көрсеткіштерін жақсарту мақсатында және заңнаманың тиімділігін арттыруда, кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол дегеніміз тек көрсеткіштерден басқа, адамның құқықтарын тиімді қамтамасыз етеді. 
Әділет Министрлігі 4 индикатордың орындаушысы болып табылады, оның бірі - даулы сұрақтарды шешудегі заңнаманың тиімділігі.
Заңнаманың тиімділігінен және оны қолданудан құқықтық мемлекетке қажет құбылыс болып табылатын заңдылық, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана сияқты мемлекетттегі барлық құқықтәртіптілік тәуелді болып табылады. Заңнаманың тиімділігін көтеру үшін ЖБИ ДЭФ –гі беделдегі қөзқарасты жақсарту мақсатында жоғары көрсеткіштерді ғана емес, сонымен қатар, адам құқығын одан да тиімді қамтамасыз ету үшін кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Даулы сұрақтарлы реттеу мақсатында «Медиация туралы» заң әрекет етеді. 2011 жылдың 5 тамызында Қазақстанда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Медиация латын тілінен аударылғанда құпиялылық, тараптардың тең құқықтылығының сақталуына көмек көрсететін, екі тарап үшін бірдей қолайлы, өз еркімен шешім қабылдауын мақсат етуші процедура. Оған сәйкес азаматтар дауды сотқа дейін келісім арқылы шеше алады, бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.
Медиация рәсімі келесіге қолданылмайды:
-мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды.
-тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.
-сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.
Медиацияның мақсаттары мыналар болып табылады:
1)дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу;
2)тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
Медиация тараптары дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға міндетті.
Сонымен қатар даулы жағдайлар мен тараптар арасында туындаған сұрақтарды реттеу мақсатында 2016 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» заңы қабылданды.
Бұл Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, дау субъектілерінің мемлекет ішінде немесе оның шегінен тысқары жердегі тұрғылықты жеріне немесе орналасқан жеріне қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен болатын азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған, төрелік шешетін дауларға қатысты қолданылады.

К. Кусаинов
Алмалы ауданы 
Әділет басқармасы басшысы