Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Саясат САЯСАТ



Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты жетілдіру, ҚР Конституциясы, заңдары мен мемлекеттік символдарына құрметті қалыптастыру (21.08.2017)


Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты — ата-бабалардың үлгі-өнегесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тəуелсіздікке, дербестікке ұмтылысы. Бұл алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тəрбие — ұрпақ үшін күрес құралы. 
Патриоттық тəрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік əрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.
Патриоттық тəрбиеде тұлға үшін барынша жақын əрі мейлінше маңызды қоршаған əлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің мəнділігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады. Осы себепті, күрделі рухани жəне саяси-əлеуметтік құбылыс ретіндегі қазақстандық патриотизм Отанды қорғау, нығайту жəне гүлдендіру жолында онымен ажырамас тұтастығын саналы түрде ұғынатын тұлғаның руханилығы, азаматтығы жəне саяси-əлеуметтік белсенділігінің бірлігі болып табылады. Ал бұл кез келген мемлекеттің түбірлі саяси міндеті екендігі мəлім жайт.
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.


Алмалы аудандық  Әділет басқармасының жетекші маманы М.Карсакбаев