
Қадірлі аудан тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының ресми Интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Ресми сайттың құрылуы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін «электронды үкімет» бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы қадамы болып табылады. Интернет-ресурс жергілікті мемлекеттік басқару органдарының тұрғындармен қажет ынтымақтастық пен өзара іс-әрекетін қалпына келтіруге толық деңгейде ықпал етеді, ақпарат алмасу үрдісін жеделдетіп жақсартады, әрбір Интернет-ресурске кірушіге бағыт беріп, аудан мен қала ғана емес, еліміздің дамуына ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
Бұл Интернет-ресурс Сіздерге жеке сипаттағы және біздің қоғамымызға қатысты әртүрлі мәселелерді шешу үшін пайдалы болатынына сенемін. Сондай-ақ, өздеріңізді толғандыратын сауалдарыңызды жолдап, оған қысқа мерзімде жауап ала аласыздар.
Біздің Интернет-ресурс сіздер үшін пайдалы және қаламыздың ең елеулі ауданы туралы ақпаратты білу үшін негіз боларына сенім білдіремін.
Құрметпен,
Алмалы ауданының әкімі
Естенов Жасұлан Тоққожаұлы