Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Алматы қаласы Алмалы ауданының<br>Пробация қызметі АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫНЫҢ
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ



Бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден шартты түрде мерізімінен бұрын босатылғандарға қатысты пробациалық бақылауды жүзеге асыру.


«Жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзбаған, қылмыспен келтірілген залалды толығымен өтеген, заңмен белгіленген нақты мерізімін өтеген тұлға бас бостандығын айыру жазасын өтеуден шартты түрде мерізімінен бұрын босатылған» деп мерізімінен бұрын босатылған, тұлға есептеледі.

Жазаны өтеу қысқартылғаны соттылықтын күшін жоймайды, өйткені қылмыстық жауапкершілік құқықтық қарым қатынас сақталады.

Шартты түрде мерізімінен бұрын босатылған тұлғаға соттылық пробациалық бақылау  қоюдың құқықтық негізі болып келеді. Бас бостандығын айыру жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған тұлғаның  жазаның өтелмеген бөлігінің барлық мерізіміне  пробациалық бақылау Қазақстан Республикасының 44 бабының шарттары бойынша қойылады.

Пробациалық бақылау жазаны өтеуден шартты түрде мерізiмiнен бұрын босатылған тұлғаларға қатысты сотпен тағайындалған міндеттерін орындау, және оларға  әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді қарастырады.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылау босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша Ішкі Істер Органдарының полиция қызметкерлері жүзеге асырады.

Пробация қызметі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды өзінің есебіне қояды, денсаулық жағдайын, білім деңгейін, еңбекпен қамтылуын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, оның жеке басын зерделейді сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындауға қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды.  Жеке басын зерделеудін нәтижесі бойынша  әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы жеке бағдарлама жасап сәйкесінше жолдайды.

         Бір сөзбен айтқанда пробация қызметі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғаларға  мамандық алуға, жұмыспен қамтамасыз етуге, тегін медициналық, психологиялық көмек көрсетуге, тұрғылықты  жері жоқ кезінде, адаптация орталығына орналдастыруға көмектеседі.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар, білімдері жоқ, соттылығына бола жұмысқа тұра алмай, болмаса тіпті тұратын жерлері жоқ адамдар, сондықтан көп уақыт өтпей қайта қылмыс жасап қайтадан бас бостандығын айыру жерлеріне келеді.

Пробация қызметінің мақсаты осы тұлғаларға  әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, тегін психологиялық және медициналық көмек көрсету. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар, босағаннан кейін,  тұлғалардың дұрыс жолға түскеніне, қоғамның қадірлі адамдары болыуына, жұмыспен қамтамасыз етуіне, мамандық алуына, өмірде  өзін өзін табуға және қазіргі заманның өміріне бейімделуіне мүмкіндігінің болуын қадағалау.

                 

        

Алматы қаласының Алмалы ауданының пробация  қызметі

15.12.2017 ж.