Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Алматы қаласы Алмалы ауданының<br>Пробация қызметі АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫНЫҢ
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ



Қазақстан Республикасында пенитенциарлық пробация


Ұлт жоспарының 33 қадамын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 30 желтоқсан 2016 жылы № № 38-VІ ҚРЗ  «Пробация туралы»  Заңы  қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президентінің Өкімімен  2016 жылғы                 8 желтоқсандағы № 387  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде  есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың   2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілген.

Қазақстан Республикасының қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сай  пенитенциарлық пробацияның негізгі мақсаты болып бас бостандығынан айырудан босатылған сотталғандарды әлеуметтік оңалту.

 Сотталғандарға әлеуметтік оңалту пробация  орындайтын субъектілермен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасы арқылы орындалады.

Пенитенциарлық пробация –  түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларға қатысты  әлеуметтік оңалту   бойынша шаралар жиынтығы.

Пенитенциарлық пробацияға  жасаған қылмыстың ауырлығына қарамастан  бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан,  сот үкімімен белгілі бір мерізімге сотталған, жазасының мерізімінің өтелуіне бір жыл қалған тұлғалар жатады. 

         Жазасының мерізімінің өтелуіне бір жыл қалған  сотталған тұлғаларға қатысты  түзеу мекемесінің арнайы бөлімі үш күн ішінде  аумақтық пробация қызметіне хабарлама, оған қоса есепке алуға керекті құжаттарды  жолдайды.

Пробация қызметі сотталғанның тұлғасын және өмірлік жағдайын  ескере отырып, есепке алғаннан кейін жеке бағдарлама  жасап, мекеменің бастығымен және пробация қызметінің бастығымен бекітеді.

Пробация қызметінің қызметкерлері пенитенциарлық пробация шеңберінде бостауға жататын сотталған тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, еңбек және тұрмысын анықтайды, құқықтары мен бостандықтарын  қорғау туралы, әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің  тәртібі мен көлемі  түсіндіріліп, сонымен қатар әкімшілік қадағалау және пробациялық бақылау жүргізу тәртібі, оның зардаптары ескертіледі.

 

 

Алматы қаласының Алмалы аудандық Пробация қызметі