Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
Алматы қаласы Алмалы ауданының<br>Пробация қызметі АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫНЫҢ
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ



«Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қоғамға пайда келтіретін еңбегі»


Пенитенциарлық жүйені дамыту концепциясының негізінде Қазақстан Республикасында пробация институты пайда болды.

2015 жылдың 1 каңтарынан бастап қылмыстық-атқару пробация қызметі болып аталды. Пробация қызметі бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандармен жұмыс жүргізіледі.

         Пробация қызметінің негізгі мақсаттарының бірі  болып бас бостандығын шектеу жазасын орындау болып келеді.

Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқудан бос бас бостандығын шектеуге сотталғандар сот үкіміне сәйкес  жергілікті атқарушы органдармен белгіленген орындарда жылына 240 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.

Осы заңға сәйкес Алмалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен және Алмалы ауданының прокуратурасымен бірге  Алмалы ауданының пробация бөлімінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандарды мәжбүрлі еңбегіне тартады.

Мәжбүрлі еңбектің мақсаты қоғамға пайдалы іс жасау.

Сол себепті пробация қызметінің есебінде тұрған мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталған тұлғалар Алмалы ауданының көшелеріндегі қоқыстарды үнемі тазартып тұрады.

 

 

 

 

Алматы қаласының Алмалы ауданының пробация қызметі