Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер (24.07.2018)


Қазақстан Республикасының әділет органдары, өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады". 
Әділет органдары қызметінің принциптері ретінде мыналар айқындалды: заңдылық; қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау; жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара іс-қимыл жасау; саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тәуелсіз болу; гуманизм, демократия, қылмыстық жаза атқарудың жіктелуі мен дербестендірілуі, қылмыстық жазаны түзету ықпалымен ұштастыру; әділет органдары жүйесінің біртұтастығы. 
Қадап айтар болсақ, қазақстандықтардың құқықтық сауаты мен құқықтық санасын көтермей құқықтық мемлекет құру мүмкін емес. Осы бағытта заңмен бекітілген әділет органдарының құқықтық насихат саласындағы функциялары: құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңдарға түсіндірме беруге қатысу; эталондық заң актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды, оның ішінде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, шарт негізінде ұсыну ретінде көрініс тапты. Сондай-ақ, заңның 19-бабының 2-тармағы бойынша әділет министрлігінің заң әдебиеті, құқықтық насихат проблемалары жөніндегі әдебиетт апсырысшысы бола алады
Әдiлет органдарының мiндеттерi:
1) жалпы мемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдардыталдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзуар қылыадамның жәнеа заматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, ҚазақстанРеспубликасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
3) заңды тұлғаларды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің                                            нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;
3-1) мемлекеттік тіркеудіжүзеге асыру, құқықтық көмектi және заңқызметтерiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихатсаласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іскеасыру;
3-2) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
4) құқықтық көмектi және заңқызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) - 6-2) алыптасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейінкүнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғаусаласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іскеа сыру;
8) алынып тасталды
9) ҚазақстанРеспубликасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық тартуралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;
9-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
9-2) алыптасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейінкүнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
9-3) атқарушылық құжаттардыорындау саласындағы мемлекеттік саясаттықалыптастыру және іске асыру;
9-4) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзегеа сыру болып табылады.


Алмалы аудандық  Әділет басқармасының жетекші маманы М.Карсакбаев