Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Өте жиі қойылытын сұрақтар және жауаптары


Өте жиі қойылытын сұрақтар және жауаптары

1. АХАТ бөлімі арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш білдіруге болады ма?
Болады: Азаматтар көбіне ХҚК орталығына бармай, АХАТ бөліміне өтініш білдіреді,себебі қағаз жүзінде өтініш білдіру оңайырақ: өтініш жазу керек және жақын маңдағы банк бөлімшесінде баж салығын төлеу керек.  Бөлім мамандары бұндай өтініштерды қабылдаудан бас тартуға құқықтары жоқ, бірақ баламалы негізде «электрондық үкіметтің» веб-порталы»  www.egov.kz арқылы жүзеге асыруға болады.

2. Неке қиюға өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы»  www.egov.kz қалай беруге болады?
Болады: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы»  www.egov.kz арқылы өтініш білдіру үшін, өтініш білдірушілерге әркайсысына ертерек электрондық цифрлық қолтаңба алу керек  және картсчет ашып, карточка алып, баж салығын электрондық шлюз арқылы төлеу қажет.             «Электрондық үкіметтің» веб-порталы»  www.egov.kz арқылы өтініш білдіру  АХАТ бөліміне келіп өтініш бере  алмайтын азаматтарға, яғни  іс сапарда немесе өтініш берушілер еліміздің әр қаласында немесе әр елде болған жағдайда  қажет.


3. Тууды тіркеуге не себепті 3 күндік мерзім берілген?
Болады: күндік мерзім, бала туылғаннан кейін  ҚР туу туралы куәлігін алуы үшін, баланың тууылғандығына жәрдемақы, бала бақшаға кезекке тұру мұмкін болуы үшін.Ата-аналар  3 күннің ішінде ХҚКО баланың тууын тіркеуге құжаттарды дайындап қоюлары қажет.  Осы мерзімді өткізіп алса, қосымша құжаттар өткізеді, ол өтініш берушінің де, АХАТ бөлімінің қызметкерінің де жұмысын қиындатады. 


4. Туу туралы куәлік (неке қию туралы, неке бұзу туралы  және т.б.) жоғалған жағдайда не істеу қажет?
Болады: ХҚКО жүгіну қажет, өзімен бірге жеке куәлік, 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) баж салығын төлеу қажет.  Егер акт жазуы қалада болса  орындалу уақыты  5 күн. Акт жазуы басқа қалада, не облыста болса орындалу уақыты 30 күн. 

5. Кандай жағдайда неке бұзу АХАТ бөлімі арқылы жүргізіледі?
Болады: Кодекстің  238 бабына сәйкес  некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі.  

6.Қалай бала асырап алуға болады?
Болады: Бала асырап алу тек сот арқылы жүзеге асырылады.  (248 бап).  Бала асырап алуды АХАТ бөлімі, заң күшіне енген бала асырап алу туралы сот шешімі арқылы және баланың заңды өкілдерінің өтініш арықлы тіркеледі.


7. Тегін, атын және әкесінің атын қалай өзгертуге болады?
Болады: Кодекстің 257-бабына сәйкес, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.  
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:  
1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;  
2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;  
3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;  
4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;  
5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;  
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;  
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;  
8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;  
9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;  
10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;  
11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;  
12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және әкесінің атын алғысы келуі;  
13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.


8. Қайтыс болу туралы куәлікті кім алуы мүмкін?
Болады: 273 бабына сәйкес, қайтыс болу мемлекеттік тіркелгеннен кейін қайтыс болған адамның мұрагерлерінің аясына кіретін жақын туыстарына не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.  
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.  
          
9.Қандай жағдайда әкелікті анықтау рәсімделеді?
Болады: Баланың анасымен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамның әке болуы баланың әкесi мен анасының тіркеуші органға бiрлесiп өтініш беруі арқылы анықталады. 
Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-аналарының бiрлескен өтініші немесе баланың әкесiнiң өтініші болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегi (әкесі) ата-аналарының бiреуiнiң, бала қорғаншысының немесе қамқоршысының өтініші бойынша немесе баланы асырап отырған адамның өтініші бойынша, сондай-ақ бала кәмелетке толған соң оның өз өтініші бойынша сот тәртiбiмен анықталады. Бұл ретте сот баланың нақты адамнан туу тегiн дәйекті түрде растайтын айғақтарды назарға алады.


10. Егер құжатта қате кетсе, толық мәлімет көрсетілмесе не  істеу керек?
Болады: 183 бабына сәйкес, тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде және мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері медиация тәртібімен немесе сот тәртібімен шешіледі. 
Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі. 

11. Туу туралы акт жазуы жойылса не істеу керек?
Болады: 184 бабына сәйкес, азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтініш сол өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға, азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған кезде немесе мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетіле отырып, акт жазбасын қалпына келтіру туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі. Төменде көрсетілген  құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, неке куәлік, туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, аттестат, диплом, әскери кітапшасы, жүргізуші куәлігі, мекен жай анықтамасы және де АХАТ бөлімі талаб еткен құжаттар.