Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алмалы ауданында әлеуметтік қорғау жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (28.05.2018)


Қазақстан Республикасының Президенті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына 10.01.2018 жылғы Жолдауында былай деді: «мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс. Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс».
Алмалы ауданында халыққа әлеуметтік қорғау саласы бойынша кеңес беру және құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету шараларын «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік емес корпорациясы» Акционерлік Қоғамы Алматы қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Алмалы аудандық №1 бөлімі арқылы жүзеге асырылады, оның мекенжайы: Алматы қ., Суюнбая даңғылы, 2 үй, К4 блок.
ХҚКО мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарға сәйкес әлеуметтік қорғау бойынша мынадай көмектер көрсетіледі: тұрғын көмек, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші ретінде біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау, үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, мүгедектерге кресло-арбалар беру, мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету және басқа қызметтерге азаматтардан құжаттарды қабылдау және кеңес беру жүргізіледі.
Жоғарыда аталған мекемеден құжаттар халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне түседі. Олар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген қызметті алушыларға көмек көрсетеді және оларға ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін жазбаша түрде жібереді.
Алмалы ауданында тіркелген тұрмыс жағдайы төмен азаматтар, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен 50% кем болса, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті оларға тағайындау үшін рәсімдеуге Алматы қ. Халықты жұмыспен қамту орталығына (Алматы қ., Назарбаев даңғ., 50 үй) рәсімдеуге баруға тиіс. Олар аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп бұл мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Алмалы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аз қамтылған зейнеткерлер, мүгедектер, әлеуметтік көмекке мұқтаж жекеленген санаттарына жататын азаматтар Алматы қалалық маслихатының шешімімен бекітелген мұқтаж азаматтар санатына кіретіндерге әлеуметтік көмек жасау Ережесіне сәйкес көмек алуды рәсімдеу үшін келулеріне болады.
Бұдан басқа, Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Алмалы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 577 үй) «Оңай» әлеуметтік көлік картасын рәсімдеуге әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар (мүгедек балалалар, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткер және басқалар) жүзеге асыра алады.


Алмалы аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бас маманыГалиев Ж.