Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты


Алматы қаласы

Алмалы ауданы әкімінің

«15»__09___2017 жылғы

№­­­­­­­­­ 111  өкіміне қосымша

 

 

 Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының сыбайлас

 жемқорлыққа қарсы стандарты

1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының            10 бабына сәйкес әзірленген.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу мақсаттары:

1) аппарат қызметкерлерінде нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.

5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидалары:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау:

5)  мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне арналған ұсынымдарды анықтайды.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізіне сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу көзқарасы тұрғысынан:

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

2) өз құзіреті шегінде шешімдерді дайындау және қабылдау;

3) Алмалы ауданы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дауындау.

8. Алмалы ауданы әкімі аппратының қызметкері өзінің қызметтік нұсқауларын орындау кезінде, қажет:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Алматы қаласы әкімі және Алмалы ауданы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу;

2) жеке және заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әділ, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің ашықтығын қамтамасыз ету;

4) өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынның артына түспеуге жол бермеу, өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолдану;

5) заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу.

9. Мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде:

1) тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

2) қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;

3) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезінде басшылыққа жеткізу.

10. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алу қажет.

11. Алмалы ауданы әкімі нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау және олардың мониторингін өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет.

12. Персоналды басқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру кезінде, Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет. 

        

Мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                            Н.Бөжеев


corruption_kaz.jpg