Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Алмалы аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің 2019 жылы 1 тоқсанда атқарған жұмысы туралы есебі


Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 05.10.2018 ж. Қазақстан халқына Жолдауын «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты және заңдар мен басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып Алмалы аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімі нақтылы жұмыс ауқымын атқарды.
Ауданның кәсіпорындарымен меморандум келісімшарттар жасау жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылғы наурыз айының 29 күніне Алмалы ауданы бойынша барлығы 8 506 кәсіпорынмен меморандумдар жасалды, оның ішінде: ірі кәсіпорындарымен – 145 орта кәсіпорындарымен – 206, шағын кәсіпорындарымен – 8 155.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуші бағыттардың бірі – ішкі еңбек нарығын қорғау болып табылады. Шетелдік  жұмыс күшін енгізуге рұқсат қағазы аудан үшін экономикалық мақсатқа лайықтылық пен Қазақстан азаматтарын басымды түрде жұмысқа орналастыруды ескере отырып беріледі, ол белгіленген квота шегінде жүзеге асырылады. Жұмыс берушілерге рұқсаттама берілер кездегі айрықша шарттар – жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен шетелдік мамандардың орнын басу үшін жергілікті мамандарды оқыту мен қайта оқыту болуы керек.
Ауданымызға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсаттама қағазын алу (ұзарту) бойынша 2019 жылдың басынан 29 наурызына дейін комиссияның қарауына 15 кәсіпорын мен ұйымдардан 1, 2, 3 санаттар бойынша бас директор, бизнесті дамыту бөлімінің менеджері, бас инженер, құрылысты қадағалау жөніндегі инженері, жоба инженері, техникалық бөлімінің бастығы және тағы да басқа мамандықтар бойынша құжаттар пакеті ұсынылды. Заңды тұлғалар 240 шетелдік адам жұмыс күшін тартуға 259 өтініш берді.
Алмалы аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімі халыққа 15 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеудегі кейбір мәселелер туралы» қаулысын жүзеге асыру барысында 2018 жылдың басынан біржолғы ақшалай өтемақы алу үшін 31 адамның өтініштері қабылданды, ал Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік алу үшін – 30 өтініш қабылданды .
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің алдына қойған маңызды міндеті болып табылады. Бұл Заңның орындалуы ең алдымен бала күтімімен отырған әйелдер, жағдайы төмен отбасылары мен мүгедектер сияқты халықтың ең мұқтаж және әлсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 
Атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегінен төмен орта кірісі бар азаматтарға төленеді.
2019 жылдың басынан жалпы сомасы 4 822 090 теңгені құрайтын атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 52 отбасына тағайындалыпнды. Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 73 отбасына төленді, олардың мүшелерінің саны 290 адамды құрап, оларға 5 707 000 теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 6 559,7 теңгені құрап отыр. 
2019 жылдан бастап өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын 0 анықтама берілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында «Мүгедек балаларды үйде тәрбелеп, оқытатын отбасыларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелеріне» сәйкес, нақты 51 отбасына 1 174 466 теңге сомасына тағайындалды, 51 отбасына нақты төленген қаржы сомасы 1 174 466 теңгені құрайды (4 090 440 теңге берілген жоспардан 28,72 % құрайды).
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерінің бірі - тұрғын-үй көмегі. Жыл басынан тұрғын-үй көмегіне тағайындау үшін 350 өтініш түсті (337 адам), оларға тұрғын-үй көмек қызметін көрсету ретінде 2 560 181 теңге мөлшерінде сома төленді (8 631 610 теңге жоспардың 29,66 % құрады).
Тұрғын-үй көмегі Алматы қаласында тұрғылықты түрде тұратын табысы аз және оның иесі болып табылатын азаматтарға көрсетіледі. Егер тұрғын-үйді ұстап отыру мен коммуналды қызмет түрлерін пайдалануға төленетін шығындар тұрғын-үй ауқымының әлеуметтік мөлшері мен коммуналды қызмет түрлерін пайдалану мөлшері аралығында отбасы бюджетінде оның жалпы кірісінің 5% үлесінен асып кетсе, онда жәрдемақы тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысы мекен-жай анықтамасымен расталады, атаулы түрде көрсетіледі, құжаттар тапсырған айдан бастап, әрбір үш ай сайын кіріс туралы анықтама мен тұрғын-үй коммуналдық қызметтеріне төленген түбіртектердің көшірмесін тапсыра отырып, ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әр тоқсан сайын рәсімделеді.
Жыл басынан 976 зейнеткер жеті айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек алады. Оларға 2019 жылдың басынан жалпы 10 357 550 теңге көлемінде сома төленді (56 489 300 теңге берілген жоспардан 18,33 % құрайды).
200 АЕК (бұрыңғы - 100 АЕК) көлеміндегі бір жолдық әлеуметтік көмекке 3 адам өтініш білдірді, 1 683 500 теңге берілген тапсырма.
10 АЕК көлеміндегі бір жолдық материалдық көмекке 266 адам өтініш білдіріп, оларға 5 832 750 теңге төленді (6 602 520 теңге берілген тапсырмадан 88,34 % құрайды). 30.03.2019 ж. 20 АЕК көлеміндегі бір жолдық материалдық көмекке 20 адам өтініш білдірді.
2019 жылдын басынан 6,5 АЕК көлеміндегі ҰОСҚМ әлеуметтік көмекке өтініш түскен жоқ, бұрын тапсырылған 64 адамдарға барлығы 2 133 690 теңге төленді (16 317 420 теңге берілген тапсырмадан 13,07% құрайды).
Жыл басынан су есептегіш құралдарын орнатуға арналған әлеуметтік көмек (2 АЕК көлемінде) төлемақысын өтеу бойынша 61 адамнан өтініш түсті, 537 700 теңге мөлшерінде сома төленді (2 269 920 теңге берілген тапсырмадан 23,68 % құрайды).
IV категория туберкулезбен науқас азаматтарға 12 АЕК мөлшерінде ай сайын төлеуге тағайындалатын әлеуметтік көмек алуға жыл басынан 38 өтініш түсті, оларға әлеуметтік көмек ретінде 1 757 400 теңге мөлшерінде сома төленді (9 452 120 теңге берілген тапсырмадан 18,60 % құрайды).
2019 басынан бастап санаторлы-курорттық емделу әлеуметтік көмегін алуға 307 адам өтініш білдірді, оның ішінде 62 зейнеткерлерге, ҰОС-ның мүгедектері мен қатысушыларына, еңбек майданына қатысушыларға «Ақ кайын» және «Самал» шипажайыларына жолдама берілді.
 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.07.2005 жылғы №754 қаулысына сәйкес әлеуметтік әл-ауқат бөлімінде мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
2019 жылдың басынан мүгедек адамдарға мемлекеттік көрсетілген көмектер:
1.Шипажай-курорттық емдеуге  жолдамалар туралы:
•401 өтініш қабылданды;
•31 адамға жолдама берілді.
2.Жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен яғни арбамен қамтамасыз етуге:
•46 өтініш қабылданды; 
•2 адамға кресло-арба берілді. (ҰОСҚжМ – 0 адам, ҰОСҚжМ теңестірілген– 0 адам, ЕМҚ – 0 адам, мүгедектер -0, мүгедек балалары – 2 адам).
3.Сурдо-тифло техникалық құралдармен қамтамасыз етуге 57 өтініш қабылданды:
Соның ішінде: тифло техникалық құралдар – 27 дана, сурдотехникалық құралдар – 30 дана
Жалпы 36 берілгені, оның ішінде 
есту құралдары –0 дана,
сурдотехникалық құралдар – 10 дана (вебкамерамен ноутбук – 4 дана, ұялы телефон – 2 дана, сағаттар – 2 дана, сигналдық жүйесі – 2 дана).
тифло техникалық құралдар – 26 дана (ноутбук – 3 дана, оқитын машина – 1, диктофон – 0, жазуға арналған прибор – 0, грифель – 0, ұялы телефон диктофонмен – 8, брайлерлық қағаз – 3, сағаттар – 0 дана, плеер – 4, тифлотрость – 4 дана, термометр – 2, тонометр – 0 дана, глюкометр - 0 дана, брайль шрифтімен өздігімен сөйлесіп оқыту құралы – 1 дана).
4.Санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету туралы 258 өтініш қабылданды:
•жаялығылар және сіңдіргіш жаймалар – 194 дана,
•Мочеприемник (сұйық зәр қабылдағыш) – 8 дана,
•Калоприемник (үлкен дәрет қабылдағыш)– 14 дана, 
қорғаныш крем, иесті жойығыш, теріні тазалығыш, сорғыш ұнтақ,  паста – герметик – 10 дана, әжетжанаға және ваннаға арналған тірек тұтқалар – 8 дана, санитарлық орындықтар – 16 дана, катетер – 8 дана.
Санитарлық-гигиеналық құралдар 90 адамға берілді, оның ішінде жаялықтар - 60 дана, мочеприемник  – 1 дана, калоприемник – 0 дана, сіңдіргіш жаймалар – 29 дана, қорғаныш крем - 0 дана, иесті жойығыш – 0 шт., теріні тазалығыш – 0, паста – герметик – 0 дана, сорғыш ұнтақ -0 дана, әжетжанаға арналған тірек тұтқалар – 0 дана, ваннаға арналған тұтқалар – 0 дана, санитарлық орындықтар – 0 дана, катетер – 0 дана.
•90 адамға берілді (ҰОСҚжМ – 0 адам, ҰОСҚжМ теңестірілген– 0 адам, ЕМҚ – 0 адам, мүгедектер -20, жұмыссыздар – 0, зейнеткерлер -0, мүгедек балалары – 70 адам).
5.Кохлярдық импланттар – 2 өтініш қабылданды, 0 берілді 
•Протезді-ортопедиялық көмек туралы: 308 өтініш қабылданды,
•104 адамға берілді, 18 адамдарға берілді (ҰОСҚжМ – 0 адам, ҰОСҚжМ теңестірілген– 0 адам, ЕМҚ – 2 адам, мүгедектер -16, жұмыссыздар – 0, мүгедек балалары – 0 адам).
6.Жеке көмекшіге қабылданған өтініш саны 348 адам:
•348 адамға көмек көрсетілді.
7.Ыммен көрсету тілінің маманына келіп түскен 46 өтініш болса:
•46 адамға көмек көрсетілді.
8.Медициналық әлеуметтік мекемеге 99 өтініш келіп түсті.
9.Үйге келіп әлеуметтік қызмет көрсету туралы өтініштер саны – 26. 
2019 жылдың басынан «Самал» атаулы шипажайларға денсаулықтарын түзетуге 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы 31 мүгедек адамдарға жолдама берілді.
2019 жылдың басынан «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапаттау жайында көп балалы анадан 5 өтініштер қабылданды, «Алтын алқа» белгісіне 2 өтініш қабылданды.
2019 жылда 4 көп балалы аналар «Күміс алқа» белгісін алды, олар 2018 жылда өтініштер берген. 2019 жылда 1 көп балалы ана «Алтын алқа» белгісін алды, ол адам 2018 жылда өтініш берген.
Жыл басынан ақталған адамның куәлігін (төлнұсқасын) алуға 0 адам  өтініш берді. 
Жыл басынан әлеуметтік тұрғын үйде тұруға 0 егде азаматтардан өтініш қабылданды.
Бөлім мамандары белсінді түрде біліктілікті арттыру (оқу мерзімі 1 апта), кәсіптік қайта даярлау (оқу мерзімі 3 апта) мемлететтік қызметкерлерді оқыту курстарынан өтті.
Алмалы ауданы әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің ғимаратында:
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 05.10.2018 ж. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына Жолдау аудандық бөлімінің мамандарының қатысуымен 03.01.2019 ж. жиналытас пікір алмасу талқылаулар өтті.
2.13.02.2019 ж. Алмалы аудандық бөлімінде «Мүгедектерге қызмет көрсетуді талқылау туралы» такырыбы аудандық бөлімінің мамандарымен және Қазақ зағиптар қауымдастығының өкілдері және мүгедектер қатысуымен жиналыс өтті. 
Іс-шаралар өткен соң есептіқ аңықтамалар мезгілімен «Нұр отан» аудандық филиалына, оған қоса Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына және Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратына өткізіліп тұрды, және ақпарат олардың сайттарында жарияланды.
Алмалы ауданы әлеуметтік әл-ауқат бөлімінде мамандармен Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының пленарлық кеңестеріндегі нұсқауларын орындау және Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен тығыз қарым-қатынас жасау бағытында кеңестер тұрақты түрде өткізіледі. Әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы учаскелік комиссияның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі.
2019 жылдың басынан заңды және жеке тұлғалардың ұсынымдарымен 16 өтініш түсті, олар барлығы жеке тұлғалардан түскен. Барлық ұсынымдар мезгілімен және сапалы қарастырылды. 
Сонымен қатар, 2019 жылғы 3 айда басқармадан бекітіліп келіп түскен жылдық және әр тоқсанда берілген жоспар бойынша жалпы саны 3 494 мемлекеттік қызмет қөрсетуге өтініш түсті. Аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің қызметкерлері Алмалы ауданының әкімдігімен, Ардагерлер кеңесімен біріге отырып қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты.  


Бөлім басшысы                                                                                                   К.М. Толысбаева