Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



2018 жылғы I жартыжылдықта әлеуметтік сала бөлімінің атқарылған жұмыс қорытындылары


Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту
Аудан әкімі жанындағы арнайы аудандық комитет 17 отырыс өткізді, онда Семей ядролық сынақ полигонындағы  ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың 147 іс-макеті қаралып, 79 азаматқа жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік берілді.
1941 жылдың 22 маусымы мен  1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша Алмалы ауданы әкімінің жанындағы арнайы комиссиясының 15 отырысында 43 адамның құжаты қарастырылды.
Аудандағы 508 зейнеткерге үйде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Аз қамтылған 45 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 5,3 млн. теңге төленді, оның  ішінде 181 адам отбасы мүшелерін құрайды.
Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы қалалық мәслихатының шешімі бойынша «Мүгедек балаларды үйде тәрбелеп, оқытатын отбасыларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелеріне» сәйкес, нақты 65 адамға 2,2 млн теңге сома төленді. 
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерінің бірі - тұрғын-үй көмегі. Жыл басынан тұрғын-үй көмегіне тағайындау үшін 639 өтініш түсті (480 адам), оларға тұрғын-үй көмек қызметін көрсету ретінде 8,1 млн. теңге мөлшерінде сома төленді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету үшін 4,3 млн. Теңге сомасына 84 өтініш түсті.
Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша Жеңіс Күнінің 73 жылдығы мейрамына ҰОС-ның 76 мүгедектері мен қатысушыларына біржолғы 250 000 теңгеден ақшалай әлеуметтік көмек төленді, жалпы төленген сома 19 млн. теңгені құрады. 553 ҰОСҚМ теңестірілген азаматтарға 50 000 теңгеден біржолғы материалдық көмек төленді.
Жеңіс Күніне орай 643 адам көмекпен қамтылды, оларға барлығы 47,3млн. теңге төленді.
«Белсенді ұзақ өмір» Жол картасын іске асыру барысында (Активное долголетие, А.Чехов атындағы Кітапхана базасында қарттар үшін шахмат клубы ашылды. Қазіргі уақытта клубқа күн сайын 30-дан астам адам келеді.  № 4 кітапхана базасында және А.Чехов.кітапханасының базасында аудандағы ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған компьютерлік курстар ашылды. Қазіргі уақытта клубқа күн сайын 40-дан астам адам келеді. 
М.Ганди саябағында аудан зейнеткерлерінің қатысуымен күнделікті таңғы және кешкі гимнастика сабақтары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 250-ден астам адам қатысады.
«ATRIUM»  сауда орталығында орналасқан «Classis Fitness centre and Healthclub» спорт клубында «Йога орталығы» ашылды. Қазіргі уақытта 30 адам қатысады.
«Гайатри» йога орталығы мен бірлесіп «Мәншүк пен Әлия» саябағында  қарт адамдарға арналған тегін йога сабақтары ашылды. Қазіргі уақытта 250-ден астам адам қатысады.
Сонымен қатар, Байсейітова мен Құрмағазы көшесінің қыйлысындағы «Workout»  спорттық жаттығу алаңында зейнеткерлерге арналған спорттық-сауықтыру гимнастикасын ашылды. Қазіргі уақытта 100-ден астам адам қатысады.
«Persona Grata» кафесінде «Шығармашылық өмір» атты Алмалы ауданының ардагерлер клубы ашылды. Бұл клубты ашудың басты мақсаты - өлеңдер оқу, ән айту, танысу, кездесу, достар табу, би билеу, аспаздық рецептілермен бөлісу және бос уақытты тиімді өткізіп, демалуға мүмкіндік беретін жайлы кеңістік ұйымдастыру! Клубқа 50-ден астам адам келеді.
Ауданның барлық емханаларында гариотологиялық және геронтологиялық орталықтар ашылған, сондай-ақ егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік клубтар (денсаулық бөлмелері) жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 60-тан астам адам қатысады.
Жұмыспен қамтуды ынталандыру бағыттарының бірі отандық еңбек нарығын қорғау болып табылады
Аудан бойынша тіркелген жұмыссыздар саны – 1262 адам. Алматы қаласының даму бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстарға - 238 адам. «2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» Республикалық бағдарламасына сәйкес:
- әлеуметтік жұмыс орындары - 77 адам;
- жастар тәжірибесі - 45 адам;
- кәсіптік оқыту - 85 адам;
- тұрақты жұмыс орны - 1054 адам.
Денсаулық сақтау.
Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 9 республикалық және 17 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді, олардың 9-ы амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді.
2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» бағдарламасын 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асыру үшін 95-тен астам іс-шаралар өткізілді.
Алмалы ауданындағы денсаулық сақтау саласының статистикалық көрсеткіштері:
- перинаталды қайтыс болу -20;
- шетінеп кеткен балалар – 9;
- анасының қайтыс болуы – 0;
- туберкулезбен тіркелген – 22;
- туберкулезбен тіркелген студенттер – 2;
- балалар арасынан туберкулезбен тіркелген – 1;
- жүрек қан тамырларының ауырулары – 4207;
- гепатит «А» - 7;
- ЖҚТБ-мен тіркелген инфекция – 2;
- онкологиялық аурумен туркелген – 194;
- перзенттердің қайтыс болуы - 0;
- босану саны -2751;
- өлі туылу – 9.