Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Алмалы ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің 2015 жылда атқарған жұмысы туралы есебі


ҚР Конституциясы, “Халықты жұмыспен қамту туралы”, “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Заңдарын, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың саладрынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау, Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып, Алмалы ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі  келесі жұмыстарды атқарды:
2015 жылдың басынан әлеуметтік сала бөлімінің жұмысы жоспар бойынша жүргізілді.
Іс-әрекетке қабілетсіз азаматтарды қамқорлыққа алу және олардың мүліктік мәселелеріне қатысты арыздарын қарастыру және кеңес беру жұмысы жүргізілуде. Аудан әкімінің 45 өкімі, 3 шешімі шығарылды. 
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді тіркеу ережесіне сәйкес, арнайы комиссияның 19 отырысында 53азаматтың құжаттары  қарастырылып, Мемлекеттік зейнетақы және өтемақы төлеу орталығына тапсырылды.
1941 жылдың 22 маусымы мен  1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша Алмалы ауданы әкімінің жанындағы арнайы комиссиясының 27 отырысында 610 адамның құжаты қарастырылды, оның ішінде 371 адам тыл ардагері ретінде танылды.
Күн сайын бөлім қызметкерлерімен аудан азаматтарына зейнетақы, өтемақы, біржолғы материалдық көмек, тұрмыстық және атаулы әлеуметтік көмектер және басқа да әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңестер берілуде.
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Алмалы ауданында тұратын 3 көпбалалы ана «Алтын Алқа», 3 көпбалалы ана «Күміс Алқаларымен» марапатталды.
Жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар
2011-2015 ж. арналған «Алматы қаласы тұрғындарын әлеуметтік дамыту бағдарламасын» орындау мақсатында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 343 адам, соның ішінде:
Жұмысқа тұрғызылғаны 287 адам-65,97%, белгіленген жоспардан, жастар -45, мүгедектер- 40, нысаналы топпен -87 (100% жоспардан).
Қоғамдық жұмысқа 404 адам, 16 251 200тенге соммасына (100% жоспардан), соның ішінде 4 мүгедек. Әлеуметтік жұмыс орындарына 73 адам жіберілді, соның ішінде 49 мүгедек, 22 242 938 теңге қаржы игерілді (100% жоспардан) және қайта даярлау курстарына 140 адам (100% жоспардан) жіберілді, соның ішінде 15 мүгедек.
Есепті жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру комиссия қарауында құжаттар қарастырылып, 992 адамға рұқсат берілді.
«Жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындаөз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы төмен тұрғындарды қайта оқыту, жұмысқа орналасуға көмектесу және өз ісін ұйымдастыру  арқылы, жұмыспен нәтижелі қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту, түсіндіру жұмыстары атқарылуда.
2015 жыл басынан жұмыспен қамту бөліміне 1330 жұмыссыздар өтініш білдірді. Әлеуметтік жұмыс орындары 25 мекемеде, әлеуметтік жұмыс орындарына 75 адам (100% жылдық жоспардан), соның ішінде 2 мүгедек, 12 ішінде 10 347 331 тенге игерілді (92% жылдық жоспардан).
Жастар тәжірибесіне  14 322 000 тенге бөлініп, 12 981 247 тенге (91%) игеріліп, тұрақты жұмыс орындарына 1615 адам (жоспар бойынша 1321, яғни 122%) орналастырылып, соның ішінде 19 мүгедек (жоспар бойынша 16, яғни 118%).
Жастар тәжірибесін өткізу мақсатында 27 мекемеде жұмыс орындары ұйымдастырылып, 75 адам жіберілді, соның ішінде 3 мүгедек. Кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына жыл басынан 32 адам (100%). Кәсіптілігін жоғарлату курстарына 7 адам (100% жоспардан), кәсіптік дайындық курстарына 3 адам (100%) жіберілді.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен қатар Медеу ауданы әкімінің аппараты2015 жылдың 16қыркүйігінде«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Арбат алаңында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» Алматы қаласы тұрғындарына ұйымдастырылды. Іс-шара өткізілген уақыта 100 астам мекемелер қатысып, барлығы 1000 астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс жәрменкесіне 500 астам жұмыссыз азаматтар келіп, 300 астам түйіндеме және сауалнама қабылданды. Сонымен қатар іс-шара қатысушыларға қонцертік бағдарлама ұйымдастырылды.
Өтемақы төйлеубойынша көрсетілетін көмек
Жыл басынан 10 аз отбасыларына 1 173 285 тенгеге жәрдем төйленді, отбасы мүшелерінің саны 25 адам. 
 ҚР «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдем» Заңына сәйкес, құжаттар қабылданып, 68 баласы бар 32 отбасыға, өтемақы төйленді.Өтемақы соммасы 832 115 тенгені құрады. 
Тұрғын үй өтем ақысы 1582 азаматтарға белгіленді. Өтемақы соммасы 11 862 345 теңгені құрады.
Жарты жылда көрсітілетін әлеуметтік көмек 2 006 зейнеткерлерге  6 ЕАК мөлшерінде көрсетілді, өтемақы соммасы 44 690 136 теңгені құрады. Өрт салдарынан зардап шекеендерге 100 ЕАК 1 өтініш білдірушіге138 740 теңге соммасында өтемақы төйленді.
Әлеуметтік жәрдемақыға 7 ЕАК колемінде 259 өтініш қабылданып, 3 648 862 теңге төйленді.
ҰОС ардагерлеріне 5 ЕАК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 108 өтініш қабылданып, 10 744 148 теңге төйленді. Су есептік көрсеткіш құралдарын орнату үшін  146 өтініш түсіп,     1 307 656 теңге төйленді.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Бүгінгі күні 38 мүгедекке жеке көмекші өз қызметін атқарады және 37 мүгедекке тіл маманы қызмет атқарады.Бөлімнің шаралар өткізу бойынша жұмыстары
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің  70 жылдығын мерекелеуге арналған  шаралар:
Қазақстан Республикасы Президентінің «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған бірыңғай мерекелік медальдар туралы» Жарлығының 2 тармағын орындау үшін жұмыстар атқарылып, Алмалы ауданында 4277 адам мерекелік медаль алды (ҰОС қатысушылар мен мүгедектері, еріктілер, Ленинград қоршауының тұрғындары, фашизмнің тұтқындары, еңбек ардагерлері).
 2015 жылғы 5 мамырда «Риксос» қонақүйінде ҰОС Жеңісі күніне орай аудан әкімі қабылдау ұйымдастырды, оған 100 аса адам қатысты. Шара барысында Алмалы ауданының әкімі С.Д.Кусаинов пен Алматы қаласындағы РФ Бас консул-кеңесшісі  Д.Л.Игнатьев ардагерлерді құттықтады. 
6 мамырда Құрманғазы ат. Ұлттық консерваторияда соғыс және еңбек ардагерлеріне арнап мерекелік концерт ұйымдастырылды (450 адам қатысты).
6 мамырда «Нұр Отан» партиясының еріктілерімен бірге жалғыз тұратын ҰОС ардагерлерінің пәтерлерін жинап, тазалау жұмыстары жүргізілді. 
Сонымен қатар, демеушілердің көмегімен жалғыз басты ҰОС ардагерлеріне 10 тұрмыстық техника табыс етілді.
9 мамыр күні Алмалы ауданының ардагерлері 28 Панфиловшылар паркіндегі «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. 
Осы күні «Mega Park» СОО аумағында Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесіне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл шараға 300 астам соғыс және еңбек ардагерлері қатысты. Ардагерлерге арнап 2 әскери палатка құрылып, мерекелік дастархан жайылды. 
Сәуір айынан бастап мамырға дейін   «Здоровая Азия» ҚБ бірлесіп жалғыз басты 10 ҰОС ардагеріне медициналық дәрі-дәрмектер берілді.
Алматы қаласы  15 сәуір   жылғы  XXIY шақырылымдағы кезектен тыс сессиясының №25 шешіміне сәйкес  республикалық және жергілікті бюджеттен ҰОС 160 қатысушысы мен мүгедектеріне 40 млн.теңге сомасында, ал ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендерге 118 млн.теңге, жесірлерге 360 мың теңге көлемінде  бір реттік материалдық көмек көрсетілді. 
Осы жылдың 6-8 наурыз күндері Алмалы ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері ҰОС қатысушы 38 әйелді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Жалпы ауданда 142 астам шара өткізіліп, 8590 адам қамтылды. Еңбек ардагерлері, ҰОС қайтыс болған солдаттардың жесірлері, мүгедектердің әйелдері, Ленинград қоршауының тұрғындары, кәмелетке толмаған фашизм тұтқындары, саяси қуғын құрбандарын білім беру және мәдениет мекемелері арқылы да құттықтау шаралары өткізілді: ЖОО, колледждер, мектептер, театрлар, кинотеатрлар, кіиапханалар, т.б. Сонымен бірге, жекеменшік мекемелер де  1500 астам еңбек ардагері мен жалғыс басты тұрғындарды құттықтады.
Алматы қаласы Маслихатының депутаттары соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтап, сыйлықтар табыстады. Алматы қаласы Маслихатының депутаттары 500 адамды құттықтады.
«2006-2016 жж. гендерлік теңдік Стратегиясын» жүзеге асыруға бағытталған шаралар: 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы» өкіміне сәйкес отбасы деңгейін көтеру, отбасы және некенің позитивті үлгісі, адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатымен конкурс өткізілді. 
Бұдан басқа, 15.05.2015 ж. Халықаралық отбасы күніне орай ЖОО, колледж, мектеп, театр, оқушылар үйі мен денсаулық сақтау мекемелерінде бірқатар шаралар өткізілді, мысалы:
-ауданның барлық мектептерінде «Менің тату отбасым» тақырыбында сурет конкурсы өткізілді. Әрі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасының балаларына мектеп формасы мен спорттық киімдер берілді. 
1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ғ.Мүсірепов ат. жас көрермендер театрының алдында  жетім балаларға, көпбалалы отбасының балаларына, мүгедек балаларға мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға көпбалалы және тұрмысы төмен отбасының, Соқырлар Қоғамының мүгедек балалары, саңыраулар қоғамының және АРДИ реабилитация орталығының, Ауған соғысы ардагерлерінің, ЧАЭС, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың  1000 астам балалары қатысты.
Сонымен бірге, 01.06.2015 ж. балаларды қорғау күні мерекесі аясында ауданның барлық мекемелерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылды:
-М.Ю.Лермонтов ат.Академиялық орыс театры мен Ғ.Мүсірепов ат. балалар театрында спектакльдер тегін көрсетілді, оған көпбалалы және тұрмысы төмен отбасының балалары шақырылды, тәтті тағамдар таратылды. Мерекелік шараға 500 аса бала қатысты.
30 маусым 2015 жылы Халықаралық балаларды қорғау күні және Бүкіләлемдік темекі шегуден бас тарту күніне орай Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Родник» ҚФ Арбат алаңында темекі шегуге қарсы жастар акциясын өткізді. Саламатты өмір салты акциясына қатысушыларға ескерткіш жүлделер мен бренд футболкалар, планшеттер, журналдар, кружка мен спорттық бұйымдар түрінде сыйлықтар берілді. Акцияға барлығы 200 астам жастар мен жасөспірімдер, сондай-ақ ОДН есепте тұрған балалар қатысты.
2015 жылғы 12 мен 14 қараша аралығында «Қант диабетімен күрес күні» аясында «Диабетпен ауырғандарды қолдаушы қоғамдық сайт» ҚҚ, Алмалы ауданы әкімінің аппараты  ұйымдастырып, «Сұңқар» медицина орталығына 200 астам қант диабетімен ауыратын науқастарды тексеруден өтуге, ескі глюкометрді жаңасына ауыстыру үшін  жіберді.     
7 қазан 2015 жылы Алматы Полиграфия колледжінде «Көшбасшы әйелдер мектебі» жобасы аясында Алматы қаласы ішкі саясат Басқармасының қолдауымен Алмалы ауданы әкімінің аппараты семинар өткізді.   
25 қараша 2015 жылы Алмалы АХҚО-да  Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алмалы аудандың ІІБ бірге адам және әйелдер құқығын қорғау жөнінде  «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» акциясын ұйымдастырды, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше инспектоларының мекен-жайы және сенім телефоны көрсетілген буклеттер таратылды.  Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік емес ұйымдардың әйелдер мен балаларға қолдау көрсету, олардың құқын қорғау және психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету бойынша өзара іс-әрекеті бойынша жұмыстар жүргізлуде. 
Бүгінгі күні ІІБ-де әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру инспекторларының жұмысына қатты көңіл бөлінеді, олар «Подруги», «Родник» сияқты қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен тығыз байланыста іс атқарады. Көмекке мұқтаж әйелге нақты көмек көрсету жөнінде бірлесіп жұмыс жасайды, ақпарат алмасады, «Забота» кеңес беру орталығының сенім  телефонына кезекшілік ұйымдастырады, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы мәселелерді, сенім телефонына хабарласқан әйелдердің мәселесін шешу бойынша шаралар дайындайды. 
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және бос уақытын өткізуге де көп көңіл бөлінеді. Мысалы: 3672 бала (ОДН есепте тұрған балалар) мектеп жанындағы лагерге жіберілді, 450 бала қала сыртындағы «Огонек» лагеріне жіберілді.
Отбасы денсаулығын қорғау мақсатында жүргізілді:
15 қыркүйек 2015 жылыАлмалы ауданы әкімінің аппараты С.Ж.Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университетінің клиникасымен бірлесіп (Шевченко көш.126, Байтурсынов көш.қиылысы) «Отбасы күні» және «Қала күніне»  орай әлеуметтік акция – «Ашық есік күні» өткізілді. Шара барысында ары қарай мемелкеттік тапсырыс негізінде емделу мүмкіндігімен дәрігерлердің тегін қабылдауы ұйымдастырылды. Бұл акция Алмалы ауданындағы аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналар үшін ұйымдастырылды. 
Ауданның барлық аулалық клубтарында «Анам, әкем, мен – спорттық отбасымыз!» атты отбасылық командалардың қатысуымен спорттық жарыстар өткізілді.    
Аймақтық диагностика орталығы мен Емдеу диагностикалық орталықта Алмалы ауданында тұратын тұрмысы төмен отбасылар үшін ашық есік күні өткізілді. 
Бұдан басқа, 19 маусым 2015 жылы Медицина қызметкерлері күніне орай Алмалы ауданы әкімдігі «Жас сахна» театрында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында фуршет ұйымдастырылып,  спектакль көрсетілді. Және де ауданның денсаулық сақтау саласына өз үлестерін қосқан медицина қызметкерлері аудан әкімінің Құрмет грамтоларымен марапатталды.
Балаларды әлеуметтік-мәдени қолдауға бағытталған шаралар:
4 наурыз 2015 жылы Халықаралық әйелдер күніне орай Абай ат. Қазақтың мемлекеттік  академиялық опера және балет театрында шара ұйымдастырылды. Шараға еліміздің, қала мен ауданның дамуына өз үлестерін қосып жүрген әйелдер шақырылып, аудан әкімінің Құрмет грамтоларымен марапатталды.
22 наурыз 2015 жылы «Наурыз мейрамы» мерекесінің құрметіне «Мега Парк» СОО аумағында концерт ұйымдастырылды, оған соғыс және еңбек ардагерлері, дербес зейнеткерлер, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет өкілдері шақырылды. 
1 маусым күні балаларды қорғау күні мерекесі аясында Ғ.Мүсірепов ат. жас көрермендер театрының алдында  жетім балаларға, көпбалалы отбасының балаларына, мүгедек балаларға мерекелік шара ұйымдастырылды. 
АРДИ реабилитация орталығының мүгедек балалары ән айтып, коляскада би биледі. Шараға барлығы Соқырлар Қоғамының мүгедек балалары, саңыраулар қоғамының және, Ауған соғысы ардагерлерінің, ЧАЭС, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың  1000 астам балалары қатысты. Мереке кезінде балаларға тегін балмұздақ және тәтті тағамдар таратылды. 
Сонымен қатар, 1 маусым 2015 жылы балаларды қорғау күні мерекесі аясында ауданның барлық мекемелерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылды:
М.Ю.Лермонтов ат.Академиялық орыс театрында көрсетілген спектакльге 100 мүгедек бала тегін шақырылып, сыйлықтар табысталды;
Ғ.Мүсірепов ат. балалар театрында спектакльдер тегін көрсетілді, мерекелік шараға 500 аса бала қатысты.
2015 жылғы тамыз айында Алмалы ауданы демократия үйінде жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында  Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы ауданы білім беру бөлімі,  «Союз многодетных матерей» ҚҚ, «Шугыла» ҚҚ, «Vision» АҚ, «Настоящий мед» ЖШС мен  «ДОТС САПЛАЙС» ЖШС қатысуымен бірқатар шаралар өткізілді. Шара барысында 350 балаға мектеп құралдары берілді. 
Қарттар айлығы (қазан) аясында кәрі адамдарға қолдау көрсету  
Кәрі адамдар айлығы және мүгедектер Күнін өткізу бойынша жоспар-тапсырмаға сәйкес әртүрлі  көмек, қызмет көрсету бойынша 150 аса шара өткізілді, 12 373 адам қатысып, 26 576 188 теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Жалпы кең көлемде шаралар ұйымдастырылды:
-Аудан әкімі 100 жасқа толған және одан асқан 10 адамға сыйлықтар беріп, құттықтады;
18 қазан 2015 жылы ауданның соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлерге Алматы қаласы бойынша саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында Алматы қаласының көрнекті жерлері көрсетілді.  
28 қазан 2015 жылы Кәрі адамдар айлығы аясында «Бастау» РО ауданның кәрі аадмдарына боулинг ойынын ұйымдастырды. Ойынға 30 астам зейнеткер белсене қатысты. 
30 қазан күні Алмалы ауданының әкімі «Восточный экспресс» мейрамханасында ардагерлерге қабылдау ұйымдастырды. Қабылдауға ҰОС ардагерлері, еңбек ардагерлері, ауданның дамуына үлес қосқан еңбегі сіңген қайраткерлер шақырылды. 
Барлық медицина мекемелерінде арнайы маман дәрігерлер, профессорлардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Ардагерлерге тегін аптечка берілді. Өздігінен жүре алмайтын зейнеткерлерді үйінде қарап, тексерді.  
Ауданның барлық мектептерінде сынып сағаты, шахмат, шашкадан жарыс, сурет слаудан конкурс өткізілді. Сондай-ақ, оқушылар мұғалімдермен бірге ардагарлердің үйне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. «Тимуршылар қозғалысы» жұмысы жандандырылды.  
ЖОО мен арнаулы орта оқу орындарында аудан ардагерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама, дөңгелек үстел, конференция, дебаттар ұйымдастырылды, ардагерлерге сыйлықтар, азық-түлік себеті тапсырылды. 
Бұдан басқа, Қарттар айлығы аясында  Алмалы ауданының әкімінің аппараты ардагерлер мен зейнеткерлер үшін барлық театрларда тегін спектакльдер көрсетуді ұйымдастырды. Мысалы:
-Абай ат. ҚМОБТ-да   Е. Брусиловскйдің «Қыз Жібек», Дж. Верди «Травиата», Дж. Верди «Мадам Баттерфляй», П.И. Чайковскйдің «Евгений Онегин» спектакльдері;
- М. Ауезов ат. Академиялық драма тетарында Р. Отарбаевтың «Бейбарыс Сұлтан», режиссер А. Рахимовтың «Отыз ұлың болғанша», Е. Обаевтың «Ұлы мен Ұры» драмасы, А. Рахимовтың «Мөлдір махаббат», режиссер Т. Әл-Таразидің «Қазақтар» тариха драмасы;                                 
-  М. Лермонтов ат.Академиялық орыс драма театрында Б. Шоудың «Пигмалион», М. Фермоның «Дери Хлопают»;
- Ғ. Мүсірепов ат. жастар театрында Е. Абдирешовтің «Райымбек! Райымбек!» спектакльінің премьерасы
- К. Кужамьяров ат. Республикалық мемлекеттік ұйғыр тетарында А. Самсаковтың «Баянчур» комедиясы көрсетілді. 
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады.  




Санаториялық-курорттық емделуге 368 мүгедек.
63 кресло-жүргек берілді,
Сурдо-тефлотехникалық құралдар-90,
Санитарлы-гигиеналық құралдар-177,
Әлеуметтік медициналық мекемелерге жолданды- 41,
Арнайы үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек-48.
Мүгедек балаларды қорғау мақсатында 76 мүгедек баларға 2 428 085 теңге соммасына жәрдемақы төйленді.
Алмалы ауданының Мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығымен:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларға  емдеу және оңалту шаралары;
- жоғары тәжірибелі педагог, психолог, логопед, массажист, еңбек терапевті, әдіскер, тәрбиеші диффектолог мамандарымен кеңес беру, қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығында 123 мүгедек балаға, 18 жастан жоғары 67 мүгедек қызмет алуда, жартылай стационарда 50 бала емделуде.
Мүгедек балалары бар отбасылар да әлеуметтік қызметшінің қызметімен қамтылған.
Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдерімен 466 зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетіледі.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдері -6. Әлеуметтік қызметшілер 67 адам. Бөлім меңгерушілері 6, 3 консультант. Әр әлеуметтік жұмыскер 8 жалғызбасты және жалғыз тұратын, ҚР заңнамаларына сай Алматы қаласында тұратын, асырауға  міндетті туған туыстары жоқ, қарт және мүгедек адамдарға көмек көрсетеді. 
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмысын 28.10.2011 жылғы №1222 ҚР Мемлекеттік стандартына сай атқарады.