Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Әлеуметтік сала бөлімінің 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы есебі


Бөлімге әлеуметтік –саяси процесстер және әлеуметтік саладағы тәжірибелік міндеттер жүктеледі. Бөлімге Президент бұйрықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, сонымен қатар Алматы қаласы және Алмалы ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысына бақылау жасайды.
Аудан әкіміне тұрғындарды әлеуметтік қорғау және Алмалы ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысына бақылау жасайды.
Аудан әкіміне тұрғындарды әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау салаларының құзіретіне кіретін сұрақтары бойынша шешімдер мен өкімдерді қарауға енгізеді және қайта өңдеп жұмыс жүргізеді. Денсаулық сақтау мекемелері мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін үйлестіреді. Әлеуметтік саясат  сұрақтары бойынша халықпен жұмыс жүргізеді және ұйымдастырады.
Әлеуметтік сала бөлімі Алмалы ауданы бойынша ведомствоаралық маңызды әлеуметтік аурулар Комиссиясының, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы Комиссияның, он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссияның, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыр айлары кезеңінде кем дегенде 6 ай тылда жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін анықтау жөнінде арнайы аудандық Комиссияның, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша аудандық учаскелік комиссияның, қорғаншылық және қамқоршылыққа алу сұранысы бойынша жұмыстарды Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырады.
2016 жылдың басынан бері, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үщін арнайы Комиссияның отырысында    іс қаралып, 11 азаматқа Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлігі берілді.
Жыл басынан бері 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі мезгілде кем дегенде 6 ай тылда жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша аудандық арнайы Комиссияны4 7 отырысы – өткізіліп, 59 іс қарастырылған, олардың ішінде  39 іс бойынша жағымды шешім шығарылып, 10 іс  бойынша растайтын құжаттардың жоқтығы себебінен жағымсыз шешім қабылданып, 10 іс бойынша құжат толықтыру талап етілді. 
Алмалы ауданы әкімі аппаратында жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсететін 6 бөлімше жұмыс жасайды. Бұл бөлімшелерде 6 меңгеруші, 6 консультант және 67 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасап, 448 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді.
Іс-шаралар
Ауданның әлеуметтік саясатының маңызды бөлігінің бірі  ол ананы қорғау және әйел адамның қоғамдағы рөлін көтеру болып табылады. 
Бөлім осы мақсатта «Алмалы ауданы көп балалы отбасылар қоғамы» қоғамдық бірлестігімен тығыз  байланыста жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар «Арди», «Кеңес», «СпешиалОлимпикс», «Анашым» көзі көрмейтін мүгедек балаларды қолдау қоры, «Зере», «Нұр-Қоныс» оралман балалары қоры, «Үміт» соқырлар қоғамы, Қазақ соқырлар қоғамы, «Көмектес» қайырымдылық қоры және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар да назардан тыс қалмауда.
Жалпы 1 тоқсан қорытындысы бойынша аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы - демографиялық саясат жөніндегі Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес 6 мың адамды қамтыған 20 дан астам іс-шара ұйымдастырылды.
03 наурызда А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай   ауданның денсаулық сақтау, білім және мәдениет мекемелерінің, жоғарғы оқу орындарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 500 әйел адамды қамтыған  мерекелік іс-шара өткізілді.
04 наурызда  Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 ақпанның № 199 және 27 ақпандағы №184 Жарлығы бойынша Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.С. Бекжанова 8 –наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ауданның  5 көпбалалы аналарын Алтын және Күміс алқамен марапаттады.
04 наурызда Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік опера және балет театрында мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбек әйелдер қауымын құттықтап сөз сөйледі. Аталмыш іс-шараға ауданның 40 тан астам әйел адамдары қатысып көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. 
08 наурызда «Глобус» ойын-сауық орталығының алаңында мерекеге орай  жас әншілер флеш-мобы ұйымдастырылды.
16 наурызда аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның 50 ірі және шағын кәсіпкерлерінің қатысуымен «Жұмыспен қату Жол картасы -2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында жұмыс берушілерге мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдіктер мен гранттар жайында және мүгедектерді жұмыспен қамту тақырыптары бой көтерді.
1000 игі іс» акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
05.02.2016 жылы ауданның 3 ардагеріне Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаевтың қатысуымен «Қазақстан» шипажайына жолдама табысталды. 
06.02.2016  жылы  ауданның  аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларға  «Глобус» ойын-сауық  сауда орталығында  мультфильм көрсетілді.
07.02.2016 жылы  «Ардагерлерді ардақтайық» және «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 игі іс»  іс-шаралары аясында ауданның 30  ҰОС ардагерінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді. 
12.02.2016 жылы  ауданның 5  аз қамтылған  тыл ардагерлері мен зейнеткерлеріне азық түлік себеттері табысталды.
15.02.2016 жылы  15 аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға  азық түлік себеттері табысталды.
19.02.2016 жылы Асфендияров атындағы Медициналық университетте  ауданның 6 аз қамтылған зейнеткерлеріне тегін дәрі-дәрмек алу құқығын растайтын құны 5000 тенгені құрайтын сертификаттар табысталып, аз қамтылған ауданның 2 тұрғыны тегін  «Асмед» медициналық орталығынан  медициналық тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды.
01.03.2016 жылы ҰОС ардагерлері емханасында Алғыс айту күніне орай «ашық есік» күні өткізіліп, ауданның 150 ден астам ардагерлерін және ауданның аз қамтылған зейнеткерлері мен тұрғындарын медициналық тексеруден өткізді.
01.03.2016 жылы Емдеу – диагностикалық орталығында Алғыс айту күніне орай «ашық есік» күні өткізіліп, ауданның 200 –ге жуық ардагерлерін және ауданның аз қамтылған зейнеткерлері мен тұрғындарын медициналық тексеруден өткізді.
14-15 наурызда  Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Сымбат» сән және дизайн академиясында ауданның аз қамтылған  және жалғызбасты зейнеткерлеріне арналған іс-шара өткізді. 
Іс-шара барысында зейнеткерлерге түрлі шаштараздық қызметтер көрсетілді( шаш қию, сәндік шаш үлгісі). Жалпы аталмыш іс-шараға ауданның 50 ден астам зейнеткері қатысты.
2016 жылдың басынан «Күміс алқа» мемлекеттік наградасына 2 көп балалы анадан өтініш қабылданды, 4 адам «Күміс алқа» белгісімен марапатталды, 1 адам «Алтын алқа» белгісімен марапатталды (олар өтініштерін 2015 жылы берген).
Алмалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мамандармен Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының пленарлық кеңестеріндегі нұсқауларын орындау және Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен тығыз қарым-қатынас жасау бағытында кеңестер тұрақты түрде өткізіледі. Әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы учаскелік комиссияның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі.
2016 жылдың басынан заңды және жеке тұлғалардың ұсынымдары бойынша 71 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардың саны – 7 адам, заңды тұлғалар саны – 64, барлық ұсынымдар мезгілімен және сапалы қанағаттандырылды. Сонымен қатар басқармадан келіп түскен жылдық және әр тоқсан берілген жоспар бойынша 2016 жылғы наурыз айының 31 күніне жалпы 3 094 адамға мемлекеттік қызмет қөрсетілді. Айта келгенде бөлім өзара Алмалы ауданының әкімдігімен, Ардагерлер кеңесімен және басқада бөлімдермен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуда.