Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алмалы аудандық бөлімі


Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алмалы аудандық бөлімі мына мекенжайда орналасқан: Алматы қаласы Сейфуллин көшесі 577 үй, Шевченко көшесінің қиылысы, индексі 050012.

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алмалы аудандық бөлімі (ары қарай- аудандық бөлім немесе қызмет беруші) өз жұмысында 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы  №149-ІІ Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» Заңын, 2001 жылы 17 шілдедегі №246-ІІ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы-әлеуметтік көмек туралы» және басқа да заңдармен , актілерді атап айтқанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, Алматы қаласы маслихат сессияларының Қаулыларын, Алматы қаласы Әкімінің қаулыларын басшылыққа алады.

Аудан бөлімін жұмыспен қамту бойынша келесі негізгі қызметтерді атқарады:

1.      Жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарға жолдама беру;

2.      Жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орнына және тұрақты жұмыс орнына орналасуға жолдама беру;

3.      Жұмыссыздарға кәсіптік дайындыққа, қайта даярлау және біліктілікті өсіруге жолдама беру;

Аудан бөлімі жұмыспен қамту бойынша келесі нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

-          «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының                2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-ІІ Заңы;

-          «Халықты жұмыспен қамту туралы»  ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы;

-          «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің       2001 жылғы 27 тамызындағы № 972 қаулысы.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда аудандық бөлім келесідей актілерге жүгінеді:

Ø Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы 2001 ж. 17 шілдедегі     № 246-II Қазақстан Республикасының Заңы

Ø Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2001 ж. 24 желтоқсандағы № 1685 Қаулысы

Ø Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө Бұйрығы

Ø Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы 2005ж. 28 маусымдағы №63-III Қазақстан Республикасының Заңы

Одан басқа, аудандық бөлім келесідей әлеуметтік көмек түрлерін көрсетеді:

- Алматы қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына

- біржолғы әлеуметтік көмек

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тегін жол жүру билеттері

- санаторлы-шипажай емдеу

- Ленинград қоршауында болған тұрғындарға жеңілдіктер және Санкт-Петербург қаласына жол жүру

- Жеңіс күніне әлеуметтік көмек

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек

- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне әлеуметтік көмек

- Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайы) әлеуметтік көмек.

Әлеуметтік көмекті көрсеткен жағдайда аудандық бөлім келесі құжаттарды басшылыққа алады:

-          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысы

-          Алматы қаласы мәслихаты XIX сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175  «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімі

-          V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183  «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімі

-          20 желтоқсан 2012 жылғы «жергілікті атқарушы органдарының шешімдеріне сәйкес жекелеген азаматтардың санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

-          V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXIV сессиясының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 203  «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 28 қараша 2013 жылғы XXI шешіміне толықтырулар мен өзгертулер енгізу шешімі

-          2011 жылғы № 425 «мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-шипажай емдеу әлеуметтік көмек»

-          2011 жылғы 18 қаңтар № 395 «мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте жеңілдетілген (таксиден басқа) жол жүру»

-          2007 жылғы 05 мамыр № 353 III сайланған XXX сессиясының «Ленинград қаласының қоршауы кезінде мекемелер мен өнеркәсіпте жұмыс істеген және «Ленинград қорғаушысы» және «Қоршалған Ленинград тұрғыны» медальдарімен марапатталған азаматарға қосымша жеңілдіктер туралы» шешімі.

Аудандық бөлім мүгедектерге келесідей әлеуметтік көмек түрлерін көрсетеді:

-          жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекші қызметін

-          мүгедектерге кресло-арба қызметін

-          ортопедиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, сурдотехникамен, тифлотехникамен, есту протездерімен, гигиеналық құрылғылармен қамтамасыз ету қызметі

-          үйде әлеуметтік қызмет көрсету, медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдама беру, санаторлы-шипажайға жолдама, үйде оқып-тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету. Аудандық бөлім жоғарыда аталған мүгедектерге қызмет көрсеткен кезде келесідей негізгі нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алады:

-          «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуір Заңы

-          20 шілде 2005 жылғы № 754 ҚР «Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекші қызметін және есту бойынша мүгедектерге іс-қимыл маманы қызметін-30 сағат жылына көрсету Ережелері» Үкіметінің қаулысы

-           20 шілде 2005 жылғы № 754 ҚР «Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді протезді-ортопедиялық көмекпен және техникалық косалқы (компенсаторлы) кұрылғылармен қамтамасыз ету Ережелері» Үкіметінің қаулысы

-          20 шілде 2005 жылғы № 754 ҚР «Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді арнайы журу құрылғылармен қамтамасыз ету Ережелері» Үкіметінің қаулысы

-           20 шілде 2005 жылғы № 754 ҚР «Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторлы-шипажай емдеумен қамтамасыз ету» Үкіметінің қаулысы

-          29 ақпан 2000 жылғы    № 326 ҚР «Республикалық бюджет есебінен азаматтарды шетелге емделуге жіберу Ережелері» Үкіметінің қаулысы.