Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



«Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің Алмалы аудандық бөлімінің 2016 жылғы 3 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі


 Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы 30.11.2015 ж. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты және басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі нақтылы жұмыс ауқымын атқарды.Ауданның кәсіпорындарымен меморандум келісімшарттар жасау жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылғы наурыз айының 31 күніне Алмалы ауданы бойынша барлығы 5007 кәсіпорынмен меморандумдар жасалды, оның ішінде: ірі кәсіпорындарымен – 58, орта кәсіпорындарымен – 137,  шағын кәсіпорындарымен – 4812.
Жұмыс орындарынан босату және қысқарту тәуекелі бар өнеркәсіпорындарын зертеу жүргізіледе. 2016 жылдың басынан бастап Алмалы ауданының кәсіпорындарынан босатылғандардың саны жөнінде 21 кәсіпорын мәлімет берді, олардың арасынан 418 азамат жұмыстан босатылған.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуші бағыттардың бірі – ішкі еңбек нарығын қорғау болып табылады. Шетелдік  жұмыс күшін енгізуге рұқсат қағазы аудан үшін экономикалық мақсатқа лайықтылық пен Қазақстан азаматтарын басымды түрде жұмысқа орналастыруды ескере отырып беріледі, ол белгіленген квота шегінде жүзеге асырылады. Жұмыс берушілерге рұқсаттама берілер кездегі айрықша шарттар – жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен шетелдік мамандардың орнын басу үшін жергілікті мамандарды оқыту мен қайта оқыту болуы керек.
Ауданымызға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсаттама қағазын алу (ұзарту) бойынша 2016 жылдың басынан 31 желтоқсанына дейін комиссияның қарауына 153 кәсіпорын мен ұйымдардан 1, 2, 3 санаттар бойынша бас директор, бизнесті дамыту бөлімінің менеджері, бас инженер, құрылысты қадағалау жөніндегі инженері, жоба инженері, техникалық бөлімінің бастығы және тағы да басқа мамандықтар бойынша құжаттар пакеті ұсынылды. Заңды тұлғалармен тартылған шетелдік жұмыс күшінің саны 286 адамға жетіп отыр, ал осы заңды тұлғаларда қазақстандық азаматтардың саны 13 099 адамды құрап отыр.
Бөлім қызметкерлері жұмыс берушілерге жұмыс іздеуге мүмкіндігіне сай жәрдем көрсетеді, жұмыс істеген азаматтарға қызмет көрсету (жұмыссыздарға білікті мамандардың кеңес беруі, бос жұмыс орындары бойынша бірыңғай мәліметтер базасын құру) сапасы жақсарып келеді, жұмыс іздеген азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру сияқты іс-шаралар белсенді түрде өткізіліп тұрады.
Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халыққа 18 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеудегі кейбір мәселелер туралы» қаулысын жүзеге асыру барысында 2016 жылдың басынан біржолғы ақшалай өтемақы алу үшін 19 адамның өтініштері қабылданды, ал Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік алу үшін - 16 өтініш қабылданды .
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру аудандық жұмыспен қамту бөлімінің алдына қойған маңызды міндеті болып табылады. Бұл Заңның орындалуы ең алдымен бала күтімімен отырған әйелдер, жағдайы төмен отбасылары мен мүгедектер сияқты халықтың ең мұқтаж және әлсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 
Атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегінен төмен орта кірісі бар азаматтарға төленеді.
2016 жылдың басынан жалпы сомасы 238 318 теңгені құрайтын атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 6 отбасына тағайындалып, олардың отбасы мүшелерінің саны 16 адамды құрап, оларға 152 305 теңге төленді. Олардың ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 10 адам, жұмыссыздары – 4 адам, балалар күтімімен айналысатын адамдар – 2. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 4 965,0 теңгені құрап отыр. 
2016 жылдан бастап өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілгін растайтын 6 анықтама берілді.
Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін құжаттар қабылдау жүргізілуде. 2016 жылдың басынан бері балаларға арналған жәрдемақы 46 балалары бар 23 отбасына жалпы 252 270 теңге сомасына тағайындалды және 28 отбасына нақты төленген қаржы сомасы 242 972 теңгені құрады, оларда 60 бала бар.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің бірі - тұрғын-үй көмегі. Тұрғын-үй көмегі әр ай сайын орта есеппен алғанда 514 адамға көрсетілді. 2016 жылдың басынан төленген қаражаттың жалпы сомасы 5 326 343 теңгені құрайды.
Тұрғын-үй көмегі Алматы қаласында тұрғылықты түрде тұратын табысы аз және оның иесі болып табылатын азаматтарға көрсетіледі. Егер тұрғын-үйді ұстап отыру мен коммуналды қызмет түрлерін пайдалануға төленетін шығындар тұрғын-үй ауқымының әлеуметтік мөлшері мен коммуналды қызмет түрлерін пайдалану мөлшері аралығында отбасы бюджетінде оның жалпы кірісінің 10% үлесінен асып кетсе, онда жәрдемақы тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысы мекен-жай анықтамасымен расталады, атаулы түрде көрсетіледі, құжаттар тапсырған айдан бастап, әрбір үш ай сайын кіріс туралы анықтама мен тұрғын-үй коммуналдық қызметтеріне төленген түбіртектердің көшірмесін тапсыра отырып, ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әр тоқсан сайын рәсімделеді.
V сайланған Алматы қаласы маслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешіміне сәйкес жасы ұлғауған және табысы аз адамдарға 2 АЕК, 6 АЕК, 5 АЕК, 7 АЕК, 100 АЕК көлемінде көмек көрсетілуде және ҰОСМ және ҰОСМ ардаргерлеріне арналған тегін жол жүру билеттері беріліп отырылды.
Ай сайын орта есеппен алғанда 1446 зейнеткер алты айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек  алады. Оларға 2016 жылдың басынан жалпы 16 454 718 теңге көлемінде төленді.
7 АЕК көлеміндегі бір жолдық материалдық көмекке 158 адам өтініш білдіріп, 2 345 826 теңге төленді.
5 АЕК көлеміндегі ҰОСҚМ әлеуметтік көмекке 88 адам өтініш білдіріп, 2 757 300 теңге төленді.
Су есептегіш құралдарын орнатуға арналған әлеуметтік көмек (2 АЕК көлемінде) төлемақысын өтеу бойынша 78 адамға — 745 624 теңге өтініш берілді.
 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.07.2005 жылғы №754 қаулысына сәйкес бөлімде мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
2016 жылдың басынан көрсетілген көмектер:
1.Шипажай-курорттық емделу:
•183 өтініш қабылданды;
•0 адамға жолдама берілді.
•Оның ішінде Балаларға жолдамасы – 0.
2.Жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен яғни арба:
•21 өтініш қабылданды; 
•4 берілді.
3.Сурдо-тифло техникалық құралдарға 45 өтініш қабылданды:
Соның ішінде есту – құралдары – 4 дана
4.Санитарлық-гигиеналық құралдарға 178 өтініш қабылданды:
•Ересектер жаялығы – 86 дана
•Балалар жаялығы – 81 дана
•Мочеприеник – 5 дана
•Калоприемник – 6 дана
5.Протезді-ортопедиялық көмек:
•52 өтініш қабылданды, 2 берілді
6.Жеке көмекшіге қабылданған өтініш саны 277 адам:
•Оның 276 көмек көрсетілді.
7.Ыммен көрсету тілінің маманына келіп түскен 25 өтініш болса:
•20 адамға көмек көрсетілді.
8.Медициналық әлеуметтік мекемеге 27 өтініш келіп түсті.
9.Үйге келіп әлеуметтік қызмет көрсетүге келіп түскен өтініш саны – 16. 
Бүгінгі күні 263 мүгедекке жеке көмекші маманы берілді, 38 мүгедектерге ыммен көрсету тілінің маманы берілді