Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау


«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар тізімі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәліметтер;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;

4) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі не мекенжай анықтамасы;

5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарт.

Аудандық бөлім – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат  9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Тел: 272-63-04.