Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету


Аудандық бөлімде берілетін «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін қажет құжаттар тізімі:

1) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық карта;

3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);

4) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмелер;

5) мүгедектің жазбаша келісімімен басқа адам өтініш білдірген кезде –оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау дүйсенбіден - жұма 09.00 с. - 18.00 с. дейін (үзіліс 13.00 с. - 14.00 с.) жүргізіледі, тел. 2728684.