Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Мүгедектерге протезді-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттар дайындау


«Мүгедектерге протезді-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттар дайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес протезді-ортопедиялық көмек көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) қызметалушының өзін немесе заңды өкілін куәландыратын құжат;

2)  мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасынан көшірме;

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және де Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – белгіленген нұсқадағы куәлік;

4) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына – тұрғылықты жерінен алынатын протезді-ортопедиялық көмек көрсету қажет ететін медициналық мекемеден қорытынды.

5) Жұмыс беруші кінәсінан еңбек жарақаты немесе кәсіби науқастану пайда болған мүгедектерге, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға жойылған немесе өз жұмысын тоқтатқан жағдайда – оқыс оқиға актісі мен жұмыс беруші, заңды тұлға жұмысын тоқтатқаны туралы құжат.

Құжаттар түпнұсқада және көшірмеде тапсырылады, содан кейін түпнұсқа арызберушіге қайтарылады.

Қабылдау күндері дүйсенбіден жұмаға дейін нақты кезекпен алдын-алу жазусыз және жылдамдатылған кезексіз жүргізіледі, қабылдау уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Телефон 267-46-76.

Қызмет алушылар болып Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ тұлғалар болып есептеледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және де Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында өз міндетін атқару кезінде пайда болған мүгедектігі бар, әскери қызметкерлер;

3) Өз міндетін атқару кезінде пайда болған мүгедектігі бар, қатардағы және басшылық құрамдағы Ішкі Істер органдарының қызметкерлері, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері;

4) Жалпы мүгедектігі бар;

5) Жастайынан мүгедектер;

6) Мүгедек-балалар;

7) Жұмыс беруші кінәсінан еңбек жарақаты немесе кәсіби науқастану пайда болған мүгедектерге, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға жойылған немесе өз жұмысын тоқтатқан жағдайда.