Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің Алмалы аудандық бөлімінің 2015 жылғы 12 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі


Алмалы аудандық жұмыспен қамту орталығында «Жұмыспен қамту  жол картасы - 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша жұмыс жасалуда. Аудандық бөлімнің негізгі мақсаты халыққа белсенді  түрде ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оқытуға топтар ұйымдастыру, жұмыс берушілерден әлеуметтік жұмыс  орнына өтініштер қабылдау, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы төмен тұрғындарды қайта оқытуға жіберу, жұмыспен нәтижелі қамту болып есептеледі.
Еңбек нарығына қажетті мамандық бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы төмен тұрғындар қатарынан тілейтін бағыттар бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.          
2015 жылға әлеуметтік жұмыс орнына 11  218 000  мың тенге бөлініп 75 адамға жолдама беріліп 10  347 331 мың теңге игерілді,  33 адам тұрақты жұмысқа тұрғызылды.
Жастар іс тәжірибиесіне 14 322 000   мың тенге бөлініп 75 адамға жолдама берілді,  12 981 247 теңге қаржы игеріліп, 20 адам тұрақты жұмыс орнына тұрғызылды. Қайта даярлау, біліктілігін арттыру курсына 39 адамға жолдама берілді, кәсіптік даярлауға  3 адамға жолдама берілді. Тұрақты жұмыс орнына 1496 адам тұрғызылды.