Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін алу үшін ұсынылуға қажетті құжаттар


«Алтын алқа» (7 бала және одан да көп), «Күміс алқа» (6 бала) белгілерін алу үшін Аудандық бөліміне ұсынылуға қажетті құжаттар тізбесі:

1. Ананың жеке куәлігі;

2. Ананың ордендік кітапшасы;

3. Мекенжай анықтамасы;

4. Ананың неке қию туралы куәлігі;

5. 16 жасқа толған барлық балалардың жеке куәліктері;

6. Барлық бала-шағалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері;

7. Әрбір балаға тұрғын орнынан анықтама (жұмыс орнынан, мектептен, тұрған жерінен және сол сияқты);

8. Егер қыз баланың фамилиясы ауысқан болса, онда оның неке қию туралы куәлігі.

Барлық құжаттар тұпнұсқасымен және көшірмесімен бірге ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау дүйсенбіден — жұма 09.00 с. — 18.00 с. дейін (үзіліс 13.00 с. — 14.00 с.) жүргізіледі, тел. 2674580.

"Алтын алқа" алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар марапатталады."Алтын алқа" алқасымен марапаттау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткеннен кейін және осы ананың басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi. 

"Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа толған соң және осы ананың басқа балалары тiрi болған ретте марапатталады.