Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру


«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы алу, куәлік алу үшін Аудандық бөліміне ұсынылытан құжаттардың тізбесі:

1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) халыққа қызмет көрсету орталығынан тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;

4) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; туу туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті) бар болса - «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

Қосымша:

5) біржолғы ақшалай төлемақыны алмағаны туралы Қазақстан Халық банкінен анықтама;

6) егер есімін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда АХАТ-тан (азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен) анықтама;

7) жұмыссыз ретінде есепке тұру туралы немесе зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі немесе мүгедектігі туралы анықтама.

Егер осы тармақтың 4) тармағында көрсетілген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактілерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады.

1949 жыл 1965 жылдар, 1966 1990 жылдар аралықтарындағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтар салдарынан радиоактивті заттармен ласталған жер аумағында тұрғандығы жөніндегі құжаттарды Аудандық бөлімі мүгедектерден, зейнеткерлерлерден және жұмыссыз азаматтардан қабылдайды.

Барлық құжаттар тұпнұсқаларымен және көшірмелерімен салыстыру үшін бірге беріледі, содан соң тұпнұсқалар қызмет алушыға қайтарылады. Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00 с. — 18.00 с. дейін (үзіліс 13.00 с. - 14.00 с.) қабылданады. Телефон: 2674580.