
Жан басына шаққанда табысы 2 күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр су есептеуіш құралдарын сатып алғаны, тексеруден өткізгені және орнатқан шығындарын өтеу әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) жанұя құрамы туралы мәлімет;
2) жанұя табысы туралы мәлімет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттар;
4) халыққа қызмет көрсету орталығынан мекен-жай анықтамалары;
5) екінші деңгейлі банкіден дербес шот;
6) су есептеуіш құралдарын сатып алғаны, тексеруден өткізгені және орнатқан растайтын құжат.
Құжаттар түпнұсқада және көшірмеде тапсырылады, содан кейін түпнұсқа арызберушіге қайтарылады. Қабылдау күндері дүйсенбіден жұмаға дейін, қабылдау уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Телефон 267-45-80.
Аталған көмек түрі әрбір су есептеуіш құралына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі азаматтарға көрсетіледі:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын-үй көмегі алатын жағдайы төмен отбасылар;
- төрт және одан да көп кәмелет жасқа толмаған бірге тұратын балалары бар көпбалалы жанұялар;
- бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
- зейнет жасына жеткен зейнеткерлер.