Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры


Орыс драма театры 1933 жылы Алматы қаласында құрылды. Жаңа театрдың алғаш режиссері Юрий Людвигович Рутковский болды. Театрды құру ісі - қиын, машақатты және олармен тек энтузиаистер ғана шұғылдана алады. Осындай энтуазистер қатарында Ю.Рутковскиймен бірге, алғаш театр әртістері - Е. Кручинина, З. Морская, С. Ассуиров, М.Бранд және т.б. болды. Алғашқы жылдары спектакльдер көп қойылды  – жылына жеті-сегіз премьера қойылатын. Авторлар ішінде тіпті барлық орыс драматург классикасы - Гоголь, Фонвизин, Островский, Чехов, Горький; әрине, Шекспир, Гольдони, Шиллер, Мольер; сол уақытқа әйгілі кенес драматургтері - Погодина, Катаева, Арбузова, ал спектакльді қоюшы ретінде қызықты, дарында режиссерлер - Л. Варпаховский, М. Гольдблат, Г. Товстоногов, Б. Бибиков, О. Пыжова, А. Ридаль. Содан соң театр бейнесін Я.Штейн, А. Соломарский, М. Сулимов, С. Казимировский, А. Мадиевскийдің режиссуралары анықтады. Қазір көрермендерге мәдениет пен эстетиканың эталоны ретінде белгілі театрды құру және ұйымдастыруда Алматы театрының жоғары білікті суретшілерінің еңбегі өте зор.

Театрдың алғаш күндерінен бастап оның сахнасында режиссерлерге, әртістерге және көрерменге қызықты қойылымдар қойылып келеді. Әрдайым өзінің бiр мәндi еместiгiндегi Адам қызықты. Ортақ критеримен драматургиялық материалды таңдау - спектакльмен  жұмыс iстеу барысында оны бар болмысымен бастау, тiршiлiк құбылыстарын және адами сипаттарды көркем зерттеу мүмкiндiгi. Бұл, өз кезегiнде, әлеуметтiк мәселелердің тұғырларын, өзектiлiгiн де қалыптастырды. Соңғы он жылдықтың басты тақырыбы – адам және қоғам. Бұл мына спектакльдерде қатты көрініс табады: Ф. Абрамов бойынша «Две зимы и три лета», «Свидание в предместье», «Прошлым летом в Чулимске», «Утиная охота» А. Вампилов, «Человек из Ламанчи» Д. Вассерман, «Гнездо глухаря» және «Кабанчик» В. Розов, «Энергичные люди» В. Шукшин, «Пять романсов в старом доме» В. Арро, «Ретро» А. Галин, «Амадей» П. Шеффер, «Расточитель» Н. Лесков, «Дом» Ф. Абрамов, «Факультет ненужных вещей» Ю. Домбровский және т.б.

Орыс театрының қазақ мәдениетіне, классикалық драматургиясына деген қызығушылығы өте жоғары болды. Театр сахнасында үлкен табыспен М.Ауэзовтың "Кобланды", "Ночные раскаты", Г.Мусреповтың "Поэма о любви" спектакльдері қойылды. Қазақ әртістері спектакльде ойнауға шақырылды: КСРО халық әртісі Х.Букеева "Иван Грозныйда" Мария Темрюкованы, А. Жолумбетов – патшаны, КСРО халық әртісі Ш.Айманов "Глубокие корни" спектаклінде Бреттаны, Қазақ  КСР халық әртісі Н.Жантурин - Г. Мусреповтың "Порт-Артуре" -де Звонареваны сомдады. Бұл жақсы спектакльдердің  бiртума жұмыстары болды.

1964 жылы Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына 150 жыл толуына байланысты театрға ақынның аты берілді. Бірнеше жылдан соң театр сахнасында Константин Паустовскийдің «Поручик Лермонтов» пьесасы қойылды. ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Г.Балаев спектакльде Лермонтов рөлін сомдаған болатын. «Лермонтовшылар» сөзінің ар жағында атақты да сүйікті әртістері болғандықтан, ол алматылықтар үшін үйреншікті болып кетті. 

Алматыда туып-өскен халық КСРО халық әртістерін В.Харламов, Е.Диордиевті, Қазақ  КСР халық әртістері Л. Кюн, Л. Майзель, еңбек сіңірген әртіс М.Азовскийді, Қазақстан  мемлекеттік сыйлығының лауреаты П.Дубовцев, А. Медведев, Г. Самойлин, Н. Зеленов және т.б. есте сақтайды. Ғажайып әртістер, төл сипаттар, мықты тұлғалар! Театр өзінің әртістерімен әйгілі. Бүгінде көрермендер халық әртістері Л. Нэльская, Ю. Померанцев, Г. Бойченко, Ресей Федерациясының мемлекеттік сыйлығының лауреаты М. Толоконников, еңбек сіңірген әртістер Г. Балаев, Н. Долматова, Н. Жмеренецкая, А. Зубов, М. Токарев, Т. Банченко, Ю. Капустин, ҚР-ның қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты М. Ганцеваның қатысуымен спектакльдерді сүйіп көруде. Театр тарихында өз ізін қалдырған ҚР-ның халық әртісі Л.Темкинді да ұмыту мүмкін емес. Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан және ұжымға жаңадан келген, бірақ өзін-өзі көрсете білген, жоғары білікті әртістердің барлығын санап шығу қиын...

1969-1974 жылдар аралығында театрды Қазақ  КСР халық әртісі Мар Сулимов басқарды. Оның басшылық ету кезінде өте көп тамаша спектакльдер қойылған болатын. Ф. Абрамовтың "Две зимы и три лета"спектаклінде ол әрі режиссер әрі қоюшы-суретші болды. 1973 жылдан бері, бір ғасыр ширегінде театр афишасында Е. Черняктың "Василиса Прекрасная" ертегісі тұр. Бұл спектакльдің мерейтойы –  жеті жүзінші қойылымы да алыста емес. Көрермен алдында үлкен табысқа ие болған А. Цагарелидің "Тифлисские свадьбы" комедиясы, ҚР-ның халық әртісі Л.Нэльская - Ханумға  үш жүз рет «Жарайсың» деп айқалаған.

Табысты гастрольдерден кейін 1974 жылы Мәскеуде театрға академиялық атақ берілді. Бұл атақ қырық жылғы шығармашылық еңбектің жемісі. Ондаған спектакльдер, көптеген гастрольдер, ұжымның тер төккен еңбектері.

            1983 жылы театрдың 50-жылдығына театр ұжымы Халықтар Достығы Орденімен марапатталды. Ол Қазақстандағы орыс театр көркемөнерiн сенiмдi ұсынатынын, республиканың мәдени өмiрiне сыйымды екенін куәландыратын маңызды марапат. 1983 жылдан күні бүгінге дейін театрдың көркем жетекшісі – Қазақстан Республикасының халық әртісі Рубен Андриасян.

       90-жылдары ескі идеология құрып, жаңасы құрылмай тұрғанда, театр да қоғам сияқты ауыр кезеңдерді бастан кешті. Бірақ, соған қарамастан театр қойылымға жақсы әдебиеттерді қолдануға тырысты, аз уақыттық дүниеқор қызығуларға дес бермей классикаға көңіл бөлді. Осы қиын кездерде театр сахнасында мынадай спектакльдер қойылған: М. Булгаковтың "Собачье сердце" және "Полоумный Журден", Г. Гориннің "Поминальная молитва"  Шолом-Алейхема шығармасы бойынша, А. Чеховтың "Три сестры" және "Дядя Ваня", А. Островскийдің "Таланты и поклонники", В. Шекспирдің "Мера за меру" және "Гамлет", В. Гюгоның "Собор парижской Богоматери", А. Камюдің "Калигула".

        Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев таетрдың мемлекеттің мәдени өміріне қосқан үлесін жоғары бағалады. Ұжыммен кездесу барысында Президент драмалық өнердің айрықша рөлін атап өтті: театрда әр тiлдi отандастардың жан-дүние қозғалысын түсiнуге, білуге деген үлкен ниет туады. Театр ұжымы 2000 жылдың наурыз айында театр көркемөнерінің жемiстi дамып, жұмыс iстегені үшін Мәдениет Комитетiнiң Мақтау қағазымен марапатталды.