Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры


Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттікұйғыр музыкалық драма театры 1934 жылы қыркүйек айында өз шымылдығын ашқан.

1941 жылы Ұйғыр музыкалық драма театры Алматы облысының Шелек ауылына көшірілді.

60 жылдардың басында театр Алматыға көшіп келді.

1967 жылдан бастап Ұйғыр музыкалық драма театры «Ұйғыр музыкалық комедия театры» деп атала бастады.

1984 жылы 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Мемлекеттік Ұйғыр театры көпұлттық Қазақстан өнерінің дамуы жолындағы шығармашылық табыстары үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

2002 жылы театр өз маусымын қайта жөнделген жаңа ғимаратта ашу мүмкіндігіне ие болды. Ғимаратты ашу салтанатына еліміз Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысып, тек Ұйғыр театры өнерін ғана емес,  Қазақстанда өмір сүретін барша халықтардың өнеріне жоғары бағасын берді, театрларды ең алдымен бейбітшілікті, халықаралық келісімді сақтауға, республикамыздың тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін, адамдарды ойландырып жүрген мәселелерін жарыққа шығару үшін  қызмет жасауға шақырды.

2005 жылы 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Ұйғыр театрына шығармашылығы Қазақстан музыка өнерінің ажралмас бір бөлігіне айналған көрнекті композитор, КСРО және ҚР халық артисі, КСРО және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қ.Қожамияровтың есімі берілді.

Ұйғыр музыкалық комедия театры — айрықша театр, онда бір неше шығармашылық ұжым бар: драма труппасы, «Нава»фольклор ансамблі,  «Сада» жастар эстрада ансамблі,  «Рухсара» би ансамблі.

Театрдың шығармашылық тәжірибесі, оның 80 жылдық тарихы ұжымдың өз репертуарын жан-жақты байыту үшін әр қашан тиімді жолдарды іздеп келгенін көрсетеді. Театр репертуарынан кез келген театр есімдерімен мақтана алатын классикадан заманауи авторлар шығармалары орын алған.

Театр репертуарынан қазақ драматургиясының шығармаларына әр қашан үлкен орын берілгенін атап өткен орынды.  Шығармашылық жолын «Көк көйлектер» көркемөнерпаздар ұйымынан бастаған Ұйғыр театры жоғары кәсібилікке жетті және республикамыздағы үлкен театрлармен бірге дамып барады.         

Өткен жылдар ішінде Ұйғыр театрында сахна шеберлерінің үлкен әулеті жетілді.