Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Спорт


Алмалы ауданында 4000 адам сыйымдылығы бар УТК ЦСКА, 3000 адам - «Динамо», 1000 адам -«Спутник» стадиондар, «Медик», «Денсаулық» сияқты спорттық кешендер орналасқан. Ауданда 5 жүзу бассейндер бар: ҚазСТА - 500 адам, ЦСКА – 500 адам, РКОР-2 - 383 адам, ал «Динамо» жүзу бассейніне - 300 адам барып тұрады. Сондай-ақ, 9 теннис алаңы, 20 бильярд клубтар бар. 90 жуық спорттық залдарда 32 мың адам жаттығады.

Болашақ спортшылар 6 спорт мектептерінде жаттығу жасайды. «Тигренок» және «Жұлдыз»спорттық-аула клубтарындағы түрлі секциялар мен кружоктарға 1000 жуық балалар қатысады. 457спортшы-студенттер ҚазСТА мен ҚазККА клубтарында жаттығуларын жүзеге асыруда. ҚазККА спорттық клубтарында студенттер еркін күрес, греко-римдік күрес, самбо, дзюдо, бокс, шахмат, спорттың су түрлері, волейбол, баскетбол, футбол, велоспорт және т.б. сияқты спорттың 24 түрімен шұғылданады.

Қаланың Алмалы ауданында соңғы уақытта салауатты өмір сүруді ұйымдастыру, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын насихаттау бойынша 23 041 адамның қатысуымен 164 спорттық іс-шаралар жүргізілді. Алмалы ауданы Алматы қ. дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізетін барлық қалалық жарыстарға белсенді қатысады, сондай-ақ атаулы даталарға ұштастырылған спорттық-көпшілік және сауықтыру іс-шараларын жүргізеді.